Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы | |
![]() Мәжілістің логотипі | |
Басшылық етеді | |
---|---|
Басқару түрі |
парламент төменгі палатасының спикері |
Кандидатура ұсынылады | |
Өкілеттігінің мерзімі |
жоқ |
Лауазым пайда болды |
30 қаңтар 1996 |
Алғашқысы | |
Сайты |
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы (қысқартылғанда Мәжіліс төрағасы, кейде спикері) — Қазақстан парламентінің Мәжіліс атты төменгі палатасының спикері. Төраға Мәжіліс отырыстарын шақырып, оларға төрағалық етеді, оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуге жалпы басшылық жасайды, шыққан актілерге қол қояды.[1]
Бұл лауазым 1996 жылғы 30 қаңтарда 1995 жылғы тамызда өткен конституциялық референдумнан кейін ашылған бірінші парламент сессиясында құрылды, онда қазақстандық сайлаушылардың көпшілігі жаңа конституцияны мақұлдады, нәтижесінде қос палаталы заң шығарушы органы және оның құрамындағы төменгі палатасы — Мәжіліс, құрылды.[2]
Мәжілістің қазіргі төрағасы, Ерлан Қошанов 2022 жылғы 1 ақпанда тағайындалды.[3]
Реті | Суреті | Аты-жөні | Қызметі | Партиясы | ||
---|---|---|---|---|---|---|
1 | ![]() |
Марат Тұрдыбекұлы Оспанов (1949–2000) |
1996–1999 | Партиясыз | ||
Отан | ||||||
2 | ![]() |
Жармахан Айтбайұлы Тұяқбай (1947—) |
1999–2004 | Партиясыз[дереккөзі?] | ||
3 | ![]() |
Орал Байғонысұлы Мұхамеджанов (1948–2013) |
2004–2007 | Отан | ||
Нұр Отан | ||||||
4 | ![]() |
Аслан Есболайұлы Мусин (1954–) |
2007–2008 | Нұр Отан | ||
5 | ![]() |
Орал Байғонысұлы Мұхамеджанов (1948–2013) |
2008–2012 | Нұр Отан | ||
6 | ![]() |
Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин (1962–) |
2012–2014 | Нұр Отан | ||
7 | ![]() |
Қабиболла Қабенұлы Жақыпов (1949–) |
2014–2016 | Нұр Отан | ||
8 | ![]() |
Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов (1948–) |
2016 | Нұр Отан | ||
9 | ![]() |
Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин (1962–) |
2016–2022 | Нұр Отан | ||
10 | ![]() |
Ерлан Жақанұлы Қошанов (1962–) |
2022– | Нұр Отан | ||
Аманат |