Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі
(ҚР СІМ, ҚР Сыртқыiсминi)
Жалпы мағлұмат
Мемлекет  Қазақстан
Мекемені басқарады Қазақстан Республикасының Үкіметі
Жоғарыда тұрған мекеме Қазақстан үкіметі
Штаб-пәтері 010000, Астана қаласы, Қонаев көшесі, 31[1]
51°07′53″ с. е. 71°25′55″ ш. б. / 51.13161500° с. е. 71.432104000° ш. б. / 51.13161500; 71.432104000 (G) (O) (Я)
Министрі Мұрат Нұртілеу
Бірінші вице-министрі Ақан Рахметуллин
Ресми сайты
gov.kz/memleket/entities/mfa
Астанадағы министрліктің ғимараты

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіүкімет құрамына енетін Қазақстанның орталық атқарушы органы, Қазақстанның сыртқы саяси қызметін атқаратын және Қазақстанның дипломатиялық қызметінің органдарының ортақ жүйесін басқаратын министрлік.[2]

Қазақ дипломатиясының тарихы Қазақ хандығы кезінде хандар дипломатиялық қарым-қатынастарды дамытып, сыртқы және ішкі саясатты жүзеге асырған кезеңнен бастауын алды. Хандықтың дипломатиядағы негізгі мақсаты сауда, саяхат жолдарын және халықаралық айырбас үшін сауда орталықтарын құру ниетімен аумақтарды кеңейту туралы келіссөздер жүргізу болды.[3]

Қазақтардың алғашқы сыртқы істер министрлігі 1920 жылдардың басында Түркістан АКСР-ның дипломатиялық кеңсесі ретінде құрылды.[4] Министрлікті басқарған адам Түркістан АКСР Сыртқы істер халық комиссары ретінде белгілі болды және ол басқарған мекеме Түркістан АКСР Сыртқы істер комиссариаты болып аталатын.[5] Сыртқы істер министрі лауазымы тұңғыш рет 1944 жылы, «Одақтық республикаларға сыртқы байланыстар саласындағы өкілеттіктер беру және осыған байланысты Сыртқы істер халық комиссариатын Бүкілодақтықтан Одақтық-республикалық халық комиссариатына айналдыру туралы» заңынын қабылдануымен пайда болды.[6] Бұл заң көмегімен Одақтас республикалардың шетел елдерімен тікелей дипломатиялық қатынасқа түсуіне мүмкіндік берді, бірақ сонда да сыртқы саясаттын басты функцияларын атқарған КСРО Сыртқы істер министрлігі еді.

Қазақстанның 1991 жылы тәуелсіздік алғанында ғана елдің қазіргі түріндегі Сыртқы істер министрлігі пайда болған еді. Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменов болды.

Министрліктің 2 комитеті бар. Олар:[7]

  • министрліктің реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ инвестицияларды тарту жөнінде мемлекеттік саясатты іске асыруға жауапты Инвестиция комитеті;
  • елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық, сондай-ақ көрсетілген мақсаттарда өзге де қызмет салаларында оң имиджін нығайтуға және мемлекеттік саясатын іске асыруға жауапты Халықаралық ақпарат комитеті.

Министрліктің қарамағындағы ұйымдар қатарына «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ, «ҚР СІМ «Дипломатиялық сервис» ШЖҚ РМК, «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ және «KazAID» қазақстандық халықаралық даму агенттігі», «Отандастар қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамдары жатады.[8]

Міндеттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы істер министрлігінің міндеттері қатарына сыртқы саяси қызмет саласын және Қазақстанның дипломатиялық қызмет органдарын басқару және инвестицияларды тарту жатқызылады.[9]

Министрліктің ресми сайты оның қызмет бағыттары деп сыртқы саясат, визалар және консулдық мәселелер, инвестициялар, Еуразиялық интеграция, протоколдық мәселелер және қоғаммен өзара іс-қимыл атайды.[9]

Министрлер тізімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Суреті Аты-жөні
(Өмір сүрген жылдары)
Басқарған жылдары Үкімет басшысы
1 Төлеутай Сүлейменов
(1941 туған)
желтоқсан 1991 сәуір 1994 Терещенко
2 Қанат Саудабаев
(1946 туған)
18 сәуір 1994 12 қазан 1994 Терещенко
3 Қасым-Жомарт Тоқаев
(1953 туған)
12 қазан 1994 12 қазан 1999 Қажыгелдин
Балғымбаев
4 Ерлан Ыдырысов
(1959 туған)
12 қазан 1999 29 қаңтар 2002 Тоқаев
5 Қасым-Жомарт Тоқаев
(1953 туған)
29 қаңтар 2002 11 қаңтар 2007 Тасмағамбетов
Даниал Ахметов
6 Марат Тәжин
(1960 туған)
11 қаңтар 2007 4 қыркүйек 2009 Мәсімов I
7 Қанат Саудабаев
(1946 туған)
4 қыркүйек 2009 8 сәуір 2011 Мәсімов I
8 Ержан Қазыханов
(1964 туған)
11 сәуір 2011 24 қыркүйек 2012 Мәсімов I
9 Ерлан Ыдырысов
(1959 туған)
28 қыркүйек 2012 28 желтоқсан 2016 Серік Ахметов
Мәсімов II
Сағынтаев
10 Қайрат Әбдірахманов
(1964 туған)
28 желтоқсан 2016 26 желтоқсан 2018 Сағынтаев
11 Бейбіт Атамқұлов
(1964 туған)
26 желтоқсан 2018 18 қыркүйек 2019 Сағынтаев
Мамин
12 Мұхтар Тілеуберді
(1968 туған)
18 қыркүйек 2019 29 наурыз 2023 Мамин
Смайылов
13 Мұрат Нұртілеу
(1976 туған)
3 сәуір 2023 Смайылов
Бектенов

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Байланыс  (қаз.). Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты. Тексерілді, 25 қазан 2023.
  2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1118 Қаулысы (8 қазан 2004).
  3. Нұрланұлы, Мирас Немного о дипломатии в период Казахского ханства  (орыс.) (22 июня 2015). Тексерілді, 25 қазан 2023.
  4. Бекманова, Д.М. Формирование и развитие внешнеполитического аппарата Республики Казахстан  (орыс.) (2010). Тексерілді, 25 қазан 2023.
  5. § 2. МЕЖДУНАРОДНО-ПРАВОВЫЕ ОТНОШЕНИЯ ТУРКЕСТАНСКОЙ АССР  (орыс.) (16 апреля 2014). Тексерілді, 25 қазан 2023.
  6. Закон СССР февраля 1944: "О предоставлении союзным республикам полномочий в области внешних сношений и о преобразовании в связи с этим Народного комиссариата иностранных дел из общесоюзного в союзно-республиканский народный комиссариат"  (орыс.). Тексерілді, 25 қазан 2023.
  7. Құрылым  (қаз.). Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты. Тексерілді, 25 қазан 2023. Мұрағат көшірмесі Wayback Machine мұрағатында
  8. Құрылым  (қаз.). Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты. Тексерілді, 25 қазан 2023.
  9. a b Жалпы ақпарат  (қаз.). Сыртқы істер министрлігінің ресми сайты. Тексерілді, 25 қазан 2023.