Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Сыртқы барлау қызметі - арнаулы мемлекеттік орган, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен егемендігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының барлау қауымдастығына кіреді (ҚР Қорғаныс министрлігінің Сыртқы барлау органымен қатар). Сыртқы барлау қызметіне басшылықты ҰҚК Төрағасының Орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің Директоры жүзеге асырады
Сыртқы барлау қызметі туралы ереже келесі міндеттерді тұжырымдайды:
1) Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасын, Президентін, Парламентін және Үкіметін, мемлекеттік органдары мен мемелекеттік ұйымдарын саяси, қаржылық-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда шешімдер қабылдау үшін қажетті барлау ақпаратымен және талдамалық бағалаумен қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі саласында мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
3) саяси, әскери-саяси, қаржылық-экономикалық, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда мемлекет басшылығының саясатын іске асыруға жәрдемдесу;
4) барлау ақпараттарына қол жеткізу және шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен ұйымдары, террористік және экстремистік ұйымдар, қылмыстық қоғамдастықтар (қылмыстық ұйымдар), сондай-ақ жекелеген адамдар тарапынан Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігіне нақты және ықтимал нұқсан келтіруді болдырмауға бағытталған шараларды іске асыру;
5) Қазақстан Республикасының барлау қоғамдастығы шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
6) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ҰҚК ресми өкілдерімен өзара әрекеттесу арқылы Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде мемлекеттік құпияларды қорғау және техникалық барлауға қарсы іс-қимыл жасау бойынша шараларды іске асыру
7) Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де барлау міндеттерін шешу.
«Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығына сәйкес «Сырбар» ҚР Сыртқы барлау қызметінің ведомстволық наградалары қарастырылады: