Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
|
Христиан діні Қазақстанның исламнан кейінгі ең көп таралған діні. 2009 жылғы халық санағы бойынша, 4,2 миллион адам өздерін христиандарға жатқызды. Олардың басым бөлігі – православиены ұстанатын орыс, украин және белорус ұлттарының өкілдері. Қалғандары – протестант, лютеран, католик және т. б. ағымдарды ұстанатындар.
Орта Азияға христиан діні орта ғасырларда Таяу Шығыстан келді. Бұл аймақта оның шығыс тармағы – несторианство таралды. Қыпшақ, керей, найман тайпалары тәңірлікпен қатар, христиан дінін де ұстанатын болды. Христиан діні Өзбек ханның исламды мемлекеттік дін етіп жария еткенінен кейін біртіндеп жоқ болды.
Ресейдің Қазақстанды отарлау процессі басталуымен, христиан діні қайтадан Орта Азияға тарала басталды. Дегенмен, ол жергілікті халықтың емес, орыс колонистерінің діні болды. 1871 жылы Түркістан епархиясы құрылды. Қазақтарды православиеге аудару үшін 1881 жылы Қырғыз (қазақ) рухани миссиясы ашылды. Інжіл, Таурат және т. б. киелі кітаптар қазақ тіліне аударылды. Қазан төңкерісімен елде дінмен күрес басталды.