Қазақтелеком

Қазақтелеком
Түрі

қоғамдық компания

Биржадағы листингі

KASE: KZTK

Құрылды

1994

Орналасуы

 Қазақстан, Астана

Басты адамдары

Бағдат Мусин (Басқарма төрағасы)

Саласы

телекоммуникация

Айналым

669,5 млрд теңге (2023)

Операциялық кірісі

161,3 млрд теңге (2023)

Таза табыс

104,4 млрд теңге (2023)[1]

Қызметкерлер саны

23,5 мың (2023)[2]

Басшы компания

Самұрық-Қазына (80,85%), Telecom Systems Ltd (9,19%)[3]

Аудитор

Ernst and Young

Сайты

telecom.kz

«Қазақтелеком» акционерлік қоғамыҚазақстандағы ең ірі телекоммуникациялық компания.

1994 жылы байланыс саласынан дербес шаруашылық субъектісі ретінде бөлініп шыққан “Қазақтелеком“ ұлттық акционерлiк компаниясы негізінде 1996 жылы желтоқсанда “Қазақтелеком” ААҚ болып құрылған. Акцияларының 80 пайызы мемлекетке тиесілі.

“Қазақтелеком” телекоммуникациялардың барлық желісін – телефон станциялары мен кабельдік желілер инфрақұрылымын иеленеді. Қолданыстағы жабдықтарды цифрлық жабдықтарға ауыстыру жолымен байланыс жүйелерін жаңғырту, ұялы, жинақы және басқа байланыс түрлерін енгізу жұмысы өрістетілген.

2001 – 05 жылдарға арналған инвестициялардың жалпы көл. 265 млн. АҚШ долларын құрайды. 1995 жылдан бастап көрсетілетін байланыс қызметтерінің жалпы көлемі ұлғая түсті. 1999 жылға дейін оның көл. 43 пайызға артып, 29,5 млн. теңге болды. 1999 жылы жергілікті желіге 144 мың жаңа абонент қосылды.

Телефон арналарының жалпы ұзындығы 2002 жылы 186,8 млн. арна-км, оның ішінде оптикалық кабельдерді қолданатын арналардың ұзындығы 130,6 млн. арна-км болды. қалааралық және халықар. телефон байланысы арқылы сөйлесу көлемі жылына 310 млн. арна/км-ге жуық. Ауылдық жерлерде 162 станиялары қалпына келтірілді, 30 мыңнан астам телефон іске қосылды.

ТрансАзия талшықты-оптикалық байланыс желісінің қазақстандық телімі (1754 км) арқылы Қазақстан Тынық мұхитқа, Қытай мен Еуропаға шықты.

Осындай байланыс желісінің ШымкентАқтөбеАтырауРесей бағытындағы батыс телімі (2500 км) салына бастады. Шымкент, Тараз, Ақтөбе және Орал қалаларында ең жоғары талаптарға сай келетін электронды станциялар іске қосылып, республиканың қалааралық байланыс желісін жаңғырту аяқталды.

Жол қатынасы қиын шалғайдағы және халық аз қоныстанған аудандарға байланыс қызметін көрсету үшін ДАМА ұлттық спутниктік байланыс желісі орнатыла бастады, оның құрамына 250 станциялары кіреді, бұл желінің қызметін пайдаланатын абонент саны 2 млн-ға жетті. “Қазақтелекомның” “Kazakhstan on-lіne” сауда таңбасымен көрсетілетін қызметі Қазақстанның 18 ірі қаласын қамтиды.

Телекоммуникацияның негізгі телімдерін жаңғырту шеңберінде “Интернет аймағы” қызметі көрсетіледі. Ол телефоны мен модемді компьютері бар тұтынушылардың Интернетті пайдалануына жол ашты. Бұл жүйені жетілдіру мақсатымен 1999 “Қазақтелеком” өз абоненттеріне “Қазақстан Интернеті” атты жаңа қызмет ұсынды. 2000 жылдың ортасына қарай Интернетті пайдаланушылардың саны 20 мыңға жетті. 1999 жылдан Қазақстанның барлық облысы орталықтарында, қалалары мен аудандарында әмбебап таксофондар орнатылды.

Осы жылы қалааралық телефон станцияларын толық цифрлау бағдарламасы аяқталды. Ақтөбе, Тараз, Оралда қазіргі заманғы қалааралық автоматтандырылған телефон станциялары іске қосылды. Алматы мен Астанада қалааралық коммутациялық орталықтарының салынуы Қазақстанның басқа ұлттық телекоммуникация желілерімен байланыс ұйымының халықаралық қағидаттарына көшуге мүмкіндік берді.

Барлық облыстардағы қазіргі заманғы қалааралық автоматтандырылған телефон станциялары халықаралық коммутация орталықтарына қосылды. Ел тұрғындарының бүкіл дүние жүзімен сандық телефон байланысы жолға қойылды.

Меншік иесі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Компанияның 2023 жылға арналған есебі бойынша акционерлері:[4]

Еншілес кәсіпорындары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Кселл" АҚ (51%)
  2. "ВОСТОКТЕЛЕКОМ" ЖШС (100%)
  3. "Цифрлық экономиканы дамыту орталығы" ЖШС (100%)
  4. "Нұрсат+" ЖШС (100%)
  5. Ресей "КТ-АйИкс" ЖШҚ (100%)
  6. "КТ-Телеком" ЖШС (100%)[5]
  7. Нидерланд CASPINET B.V. (50%)
  8. "Phoenix Fund" Limited Partnership (49,98%)
  1. Игорь Ульянов (1994—1995)
  2. Ержан Сағындықов (1995—1996)
  3. Шахмаран Сейілов (1996)
  4. Серік Бүркітбаев (1996—1998)
  5. Нұрлан Сақыпов (1998—2000)
  6. Әбен Бектасов (2000—2005)
  7. Қайрат Кәрібжанов (2005—2006)
  8. Асқар Жұмағалиев (2006—2010)
  9. Қуанышбек Есекеев (2010—2024)
  10. Бағдат Мусин (2024—)

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]