Қалампыршөп | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||
|
Қалампыршөп (лат. Holosteum) – қалампырлар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Қазақстанда тау беткейлері мен құрғақ далалық аймақтарда өсетін 2 түрі (шатырлы қалампыршөп және көпнекелі қалампыршөп) бар.
Өсімдіктің құрамында сапонин, флавоноид болады. Дәрілік өсімдік. Оның қайнатылған тұнбасын іш өткенде, энтероколитпен ауырғанда ішеді. Баспа, гингивит кезінде тамақты шайып, шиқан шыққанда, күйгенде, сызат түскенде жағады.[1]