Қандалашөп | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||
|
Қандалашөп (лат. Cіmіcіfuga) – сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Қоңыржай аймақтарда өсетін 10 түрі кездеседі. Ал Қазақстанда Семей қарағайлы орманы мен Алтайдың қылқанжапырақты және жалпақжапырақты ормандарында өсетін 1 түрі – сасық Қандалашөп (Cіmіcіfuga foetіda) бар.
Сасық қандалашөптің жағымсыз иісі болады. Осы иісінен қандалалар қашады, өсімдіктің аты осыған байланысты қойылған.
Қандалашөптің кейбір түрі (мысалы, даур қандалашөп) тұнба қайнатуға пайдаланылады. Оны жүйке жүйесін тыныштандыруда, ұйқы қашқанда, сондай-ақ қан қысымы көтерілгенде ішеді.[1]