Қар қазтабаны

Қар қазтабаны

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Жабық тұқымдылар
Табы: Қос жарнақтылар
Тұқымдасы: Раушангүл тұқымдасы
Тегі: қазтабан
Түрі: Қар қазтабаны
Екі-есімді атауы
Potentilla nivea
L., 1753

Қар қазтабан (лат. Potentilla nivea) - раушангүлділер тұқымдасының көпжылдық өсімдігі.

Алтай, Тарбағатай және Солтүстік Тянь-Шань биік тауларын мекендейтін Қазақстанда кездесетін 50 түрдің бірі.

Ботаникалық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тамырсабағы өте жақсы жетілген, қысқарған вегетативті және бірнеше генеративті өркендері бар, онша биік емес (5-15 см) көпжылдық өсімдік.

Сабағы және жапырағаның астыңғы жағы қалың жабылған. Тамыр мойнындағы жапырақтары ұзан сабақты, үш тақталы болып келеді.

Жапырақтары дөңгелек (ұзындығы 1,2 см), барлық жағынан онша терең емес доғал тістері бар. Жоғары сабақтағы жапырақтары өте ұсақ, отырыңқы болып келеді.

Гүлдері ашық-сары, өте үлкен ( ұзындығы 1,8см) жеке дара немесе 2-3-тен төбе гүлшоғырына жинақталған. Тостағаншалары азғана түкті, екі қатарға бестен орналасқан, сыртқысы ішкісінен қысқалау болып келеді. Күлтесі жүрек тәрізді, үш жағынан аздап ойылған. Аталығы жиырма, аналығы көп санды, жоғары мойынды, аузы кеңейген. Қазтабан шілде маусым айларында гүлдейді, жемістері жаңғақ тәрізді басқа жиналған тамыз қыркүйек айларында піседі.

Пайдалануы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мал азықтық, омарталық және сәндік өсімдік. Тибет халық медицинасында іріңді жараны емдеу үшін қолданылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. А.А. Иващенко "Қазақстанның өсімдіктер әлемі"
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Potentilla nivea