Қаражидектер Тұқымдасы (Vaccіnіаceae) – тік өсетін бұталар немесе жерге көлбей өсетін жартылай бұталар. Тұтас жапырақтары сабаққа кезектесіп орналасады. Гүлдері қос жынысты, дара немесе 2 – 3-тен шоқталып жиналған. Күлтесі біріккен желекті, 4 – 5-ке бөлінген, гүлдегеннен кейін түсіп қалады. Аталықтары дара, бос жатады, аталық мойны жіпше тәрізді. Жатын түйіні – 4 – 5 ұялы, өте көп ұрық бүрінен тұрады. Жемісі – көп дәнді жидек. Қазақстанда 2 туысы – қаражидек және мүкжидек бар. Қаражидек түрлерінің жемістерін пісе бастаған кезінде немесе кептіріп те жеуге болады. Олардың құрамында қант, сахароза бар. Тамақ өнеркәсібінде тосап жасауға, конфеттердің ішіне, киселге салуға пайдаланады. [1]
- ↑ Қазақ Энциклопедиясы