Қарақабық Әсия | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Үлгілік түрі | ||||||||||||||||
Ungernia trisphaera Bunge |
Қарақабық, әсия, угнерния (лат. Ungernia) – амариллистер тұқымдасына жататын көп жылдық жуашықты өсімдіктер туысы. Қазақстанда Қаратауда (Батыс Тянь-Шань) ғана кездесетін 1 түрі – Северцов қарақабығы (U. Severzovіі) өседі. Биіктігі 40 см-дей, ұзынша келген жуан жуашығының сырты қара қабықты келеді. Сүйірленген жапырақсыз сабағының ұшында себетгүл шоғыры орналасады. Жапырақтары таспа тәрізді, ұзындығы 20 см, ені 2 см-дей. Гүлдерінің түсі қызылдау кейде сарғыш қоңырлау болады. Тұқымынан көбейеді. Шілде – тамызда жапырақтары түскеннен кейін гүлдейді. Тамыз айында жеміс береді. Тұқымы – ұсақ, қоңыр түсті қорапша. Оның жуашығынан дәрі, желім алынады. Северцов қарақабығының аз ғана ареалы Ақсу-Жабағылы қорығында сақталып қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.[1]