Қатпарсабақ | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() | ||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||
|
Қатпарсабақ (лат. Arctous) [1] - көкбұталар тұқымдасына жататын гүлді өсімдіктер туысы, жапырақ тастайтын төсемелі бұта немесе бұташық.
Тундрада, жартастарда, қиыршықтасты тау баурайларында өседі.
Еуропаның солтүстік аудандарында, Солтүстік Америкада, Еуропада, Шығыс және Орта Азияда өсетін 4 түрі белгілі.
Қазақстанда Алтай таулары, Тарбағатай жотасы, Жетісу (Жоңғар), Іле және Күнгей, Теріскей Алатауларында, Кетпен (Ұзынқара) жотасында биік тау белдеулерінде өседі.
Күй талғамайтындығы, суыққа аса төзімділігі және гүлдерінің әсемдігімен ерекшеленеді.
Ең көп тараған түрі - альпілік қатпарсабақ (лат. Arctous alpina).