Биіктігі 10-20 см,пиязшығы жұмыртқа тәрізді,жуандығы 1-1,5 см,қоңыр немесе сұр,қағаз сияқты,шамалы созылған және сабақ түбін қоршаған,ішкі жағынан жұқа түкті қабықты.
Сабағы жалаңаш,жапырақ саны екеу,алшақ орналасқан,қайырылғаны өте сирек,тегіс,сызықшалы,төменгісі едәуір жалпақ,ені 3-10 мм,гүлден шамалы биік.
Гүл саны - 1-2,6-ға дейінгісі сирек;гүл серігі ақ,түбі сары,ұзындығы 13-25 мм,сыртқылары таспа тәрізді,сырты күлгін түсті,сүйір,түп жағы тарамды,ішкілерінен 2 есе дерлік жіңішке,ішкілері сопақша жұмыртқа тәрізді,сүйір,аталықтары гүл серігінен 2 есе қысқа,олардың жіптері сары,түбі түкті сақиналы,тозаңдықтары сопақша,ұзындығы 2-3 мм,сары,ұшы сүйір,өте қысқа,түйіні аталықтан сәл қысқа,қорапша ені 8-13 мм,ұзындығы осындай немесе шамалы ұзындау.
Сәуір айында гүлдейді.
Далалы,сортаңды жерлерде өседі.Тобыл-Есіл,Ертіс,Каспий маңы,Торғай флористикалық ауданында кездеседі.
Қазақстан қызғалдақтары