Недзвецкий алмасы | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Illustration of Malus niedzwetzkyana from a 1921 botanical compendium
| ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Malus niedzwetskyana Дик пен Кёне |
Қызыл алма немесе Недзвецкий алмасы (Malus niedzwetzkyana) - раушангүлділер тұқымдасының алма туысына жататын ағаш.
Биіктігі 5-8 м, қабығы қоңыр, қызыл. Жас шыбықтары қызыл-қоңыр, кейде қара болады, майда түкті. Жапырағының ұзындығы 7-10 см, ені 3-6 см, жиегі тілімді, тығыз, қызғылт, астыңғы беті түкті. Жапырақ сағағы қызыл. Гүлі қоңыр-қызыл, қоңыр-сары. Жемісі күлгін-қызыл. Тұқымы қара-қоңыр болып келеді.
Қызыл алмалар таулы ормандарда өседі. Батыс Қытайда, Орта Азияда таралған. Қазақстанда Қаратау, Батыс Тянь-Шаньда кездеседі. Оңтүстік Қазақстанда қолдан өсіріледі. [1]