Қызыл жыңғыл

Қызыл жыңғыл - Қазақстанда өсетін он жыңғылдардың ішіндегі ең көп тарағаны.

Ең Солтүстік алқаптар мен таулы тарбағатай жне Алтай, Батыс Тянь-Шань қыраттарынан басқа еліміздің барлық аумағында дерлік кездеседі. Өзен, көл жағалауларында, құмды және саз кергішті далаларда және шөлдерде құм үйінділерінде, сортаң жерлерде орман-тоғайларда өседі. Бұл бұта немесе кішкене ағаш биіктігі 3-5 метрге дейін. Қарасұр қабықты және қызғылт жылдық өркендерімен. Жасыл өркендерде жапырақтары ұсақ қылқан жапырақтыларға (Қарағай) ұқсас, ұшындағы тығыз гүл шоғыры шашақ, ұзындығы 3-5 см және ені 0,5 см-дей ұзын немесе қысқа сыпыртқыға жиналғын. Гүлдері ұсақ, қосжынысты, бес мүшелі, қысқа гүл табанына орналасқан. Ұзындығы 1 мм-дей онша байқалмайтын тостағаншалы, желектері аздап үлкендеу. Гүлдеу мерзімі кезінде рюмка тәрізді күлте түзеді, жеміс берген кездегі түспейді, бұл осы түрдің өзіндік ерекшелігі болып табылады. Жаңа гүлшоқтарының пайда болуы есебінен гүлдеу мерзімі ұзаққа созылады, Мамырдан Қазанға дейін. Гүлдер болған шашақтарда жемістер біртіндеп пісп жетіледі, жемістері пирамида тәрізді ұшқырлы қауашақ. Тұқым саны көп, ұсақ (0,5 мм), бас жағында тінді, тігінен бастап ұзын түктермен жабылған. Айтарлықтай ұшуға жетілген аппараттары бар тұқымдар ауада еркін қозғалып, кейде өте қашық жерлерге ұшып кетеді. Қолайлы жағдайға тап болғандары жаңа шіліктер құрайды, өсіп өнеді. Басқа өсімдіктер мекен етіп үлгермеген жерлерді иеленеді. Мұндай жағыдай кеуіп қалған Арал теңізінің орнынан байқалады. Теңіз тартыла түсуде. Ончң ізімен біржылдық сораңдар және қызыл жаңғылдар жылжып барады, біраз жылдар өткен соң қалың шіліктер алқабын құрайды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан жануарлары сериясы