Қызыл кендір

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Gentianales
Тұқымдасы: Apocynaceae
Кіші тұқымдасы: Apocynoideae
Тегі: Apocynum
Түрі: A. venetum
Кіші түрі: A. venetum subsp. lancifolium
Екі-есімді атауы
Apocynum venetum
L.
Синонимдері
  • Apocynum lancifolium Russanov
  • Trachomitum lancifolium (Russanov) Pobed.

Қызыл кендір (лат. Apocynum venetum subsp. lancifolium) – кендірлер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік.

Биологиялық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Биіктігі 120 см, сабағы тік, түксіз, қызыл қоңыр. Бұтақтары қарама-қарсы орналасқан. Жапырағы таспа тәрізді, ұзындығы 2-6 см, ені 5-20 мм. Гүлі сабақ, бұтақ басына шоғырланған. Гүл шоғы сыпыртқыға топтанған. Тостағаншасының ұзындығы 2 мм, көк түсті. Күлтесі алқызыл, ұзындығы 6-8 мм. Тұқымы уақ, сопақша, желайдары бар.

Өсу аймағы мен таралуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қызыл кендір өзен аңғарында, көл жиегінде, сирек те болса сортаң жерде өседі. Орта Азияда, Батыс Сібір мен Шығыс Сібірде, Моңғолияда, Қытайда таралған. Қазақстанда биік тау бөктерінен басқа барлық аймақта кездеседі.

Қолданылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қызыл кендір талшықтары тоқыма өндірісінде қолданылады, жіп, арқан есіледі. Шырынында, жапырақ паренхимасында 2-7% каучук болады. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том