Қызыларай тауы | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Тау жүйесі |
Сарыарқа ұсақ шоқылы таулары |
Пайда болған кезеңі | |
Ұзындығы |
70 км |
Ені |
50 км |
Ең биік шыңы | |
Биіктігі |
1565 м |
Орналасуы | |
48°25′37″ с. е. 75°31′08″ ш. б. / 48.42694° с. е. 75.51889° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 48°25′37″ с. е. 75°31′08″ ш. б. / 48.42694° с. е. 75.51889° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Елдер |
Қазақстан, Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының солтүстігінде, Сарыарқаның Ертіс-Балқаш суайрығы |
| |
|
Қызыларай – Сарыарқа ұсақ шоқылы тауларының шығысындағы тау тізбектері.
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының солтүстігінде, Сарыарқаның Ертіс-Балқаш суайрығында орналасқан. Ұзындығы 70 км, енді жері 50 км. Ең биік жері - Ақсораң тауы (1565 м, Сарыарқа ұсақ шоқылы тауларының ең биік жері).
Пермьнің граниттерінен, төменгі пермь, орта тас көмір жыныстарынан түзілген.
Қызыларайдан Балқаш алабына жататын Тоқырау өзенінің Қасабай, Қаратал, Жіңішке салалары, Қаршығалы өзенінің Сарыөлең, Қарасу, Ақсай салалары басталады.
Беткейлерінде қарағай орманы, қызыл қоңыр топырақ жамылғылы тауаралық аңғарларында қайың, көктерек, тал, қараған, ойпаң жерлеріндегі ашық қызыл қоңыр топырақта тобылғы, астык тұқымдасты өр түрлі шөпті шалғын өседі. Қызыларай қарағай өскен Қазақстанның жазық бөлігіндегі, оңтүстіктегі ең аласа тауы. Таудың табиғат жағдайлары мен ресурстары шаруашылыңқ әрекеттерге көп ұшырай қоймауы, мұнда алдағы болашақта қорық ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қазақстанның табиғаты көркем жерлерінің бірі.[1][2]