Қызыр Қожа хан

Қызыр Қожа хан
Лауазымы
Моғолстан ханы
1389 – 1399
Ізашары Ілияс Қожа хан
Ізбасары Шами Жақан хан
Өмірбаяны
Діні ислам
Дүниеге келуі 1363 дейін
Қайтыс болуы 1399 (1399)
Династия Тоғылық Темір
Әкесі Тоғылық Темір хан
Балалары Шами Жақан хан
Мұхаммед
Накши Жахан
Шер Әлі

Қызыр қожа хан (1363 дейін – 1399) – Моғолстан ханы (1389 – 1399). Ол 1360 ж. Қамар Ад-Дин бүлігі кезінде аман қалған хан әулетінің өкілі болды. 1389 ж. дулат әмірлері оны хан етіп көтереді. Әмір Темірдің Моғолстанға жасаған жорығына төтеп беру үшін Ақ Орда билеушілерімен одақ құрады. 1390 – 1391 ж. Әмір Темір 120 мыңдық әскермен Моғолстанға кіргенде Қызыр қожа хан оған қарсы тұруға төтеп бере алмай Шығыс Түркістанға барып паналайды. Ол жерде Әмір Темірдің әскерінен жеңіліс тауып, оған тәуелді болатындығын мойындайды. Қызыр Қожа хан бұдан кейінгі кезеңде исламды тарату мақсатында Қытай иеліктеріне бірнеше жорық ұйымдастырды. Оның Мұхаммед, Шами Жақан, Накши Жахан, Шер Әлі оғлан атты ұлдары болған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

[Қазақстан энциклопедиясы]