Қылтанқұйрық
|
|
Ғылыми топтастыруы
|
|
Екі-есімді атауы
|
Pholiurus pannonicus (Host) Trin.
|
Синонимдері
|
- Lepturus sect. Pholiurus (Host ex Trin.) Hack.
- Rottboellia pannonica Үлгі:Au
- Ophiuros pannonicus (Host) P.Beauv.
- Lepturus pannonicus (Host) Kunth
- Rottboellia salina Kit. ex Spreng.
- Rottboellia biflora Roth
- Rottboellia salsa Fisch. ex Roem. & Schult.
- Lepturus incurvatus var. curvatissimus Asch. & Graebn.
- Lepturus incurvatus subsp. curvatissimus (Asch. & Graebn.) Rouy
|
Қылтанқұйрық[1] (лат. Pholiurus) – астық тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Қылтанқұйрықтың 4 түрі Кавказ, Орта Азия елдерінде және Кіші Азия түбегінде, Батыс Сібір жазығында, Балқан түбегінде, Иран, Ауғанстан және Батыс Еуропа елдерінде өседі. Оның ішінде 3 түрі Қазақстанда кездеседі:
- Жалаңқабыршақты қылтанқұйрық (Pholiurus glabriglumis) - Қазақстанның оңтүстігіндегі Қаратау жотасында, Қызылқұм құмды алқабында, Іле Алатауында, Шу-Іле тауларында, Батыс Тянь-Шаньда өседі.
- Иран қылтанқұйрығы (Pholiurus persicus) - Іле және Қырғыз Алатауларында, Шу-Іле тауларында, Батыс Тянь-Шань жоталарының тау етегіндегі сазды жерлерде, тастақты және құмды далада, тәлімі егістікте арамшөп ретінде өседі.
- Венгр қылтанқұйрығы (Pholiurus pannonicus) - Каспий және Арал теңіздері маңында, Ақтөбе, Қостанай облыстарының сортаңды шалғындарында, көл жағалауында және далалық ойлауыттарда өседі.
- ↑ Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5