Құлжа Шарты[1] – Ресей мен Қытай арасындағы сауда келісім-шарты. 1851 жылы 25 шілдеде Құлжада қол қойылған. Ресей империясының қазақ даласындағы 18 ғасыр және 19 ғасырдың 1-жартысында жүргізген отарлық әрекеттеріне байланысты Ресей мен Қытайдың Орталық Азиядағы шекаралары жақындай түсті. Ресей шикізат көздері мен тауар өткізу рыногін іздеу мақсатында шеткері аймақтармен қоса Орталық Азия арқылы Қытаймен сауданы дамытуды қолға ала бастады. Цин империясы Шыңжаң халқының Азия халықтарымен дәстүрлі сауда байланыстарына қатаң бақылау орнатып, бұл өлкеге Ресейдің сауда байланыстарын орнатуына тыйым салған еді. Ресейліктер Шыңжаңдағы саудасын Орта Азиялық көпестер мен қазақ би-сұлтандарын делдал ретінде пайдаланып, құпия жағдайда жүргізіп келді. Орыс өкіметі бұл өлкеде ресми түрде сауда байланыстарын орнату үшін Қытаймен 18 ғасырдан бері келіссөздер жүргізуге ұмтылды. Бірақ Қытай Орталық Азиядағы жағдайының қауіпсіздігіне алаңдай отырып, орыс үкіметінің талабына құлақ аспай келді.
Құлжа шарты орыс-қытай сауда қатынастарының дамуындағы жаңа кезеңді қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар, Ресейдің қазақ және қырғыз жерлеріне тереңдей еніп, патша өкіметінің Орталық Азия шептеріндегі ықпалының одан әрі күшеюіне әкелді.
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() | Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |