Құмаршық | ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
![]() Agriophyllum squarrosum
| ||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||
|
Құмаршық (лат. Agriophyllum) [1] - алабота тұқымдастарына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік.
Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Оңтүстік Қазақстан аймағының Мойынқұм құмды алқабындағы еспе құмда өседі. Қаратөбе, Жаңақала, Ақжайық, Бөкей ордасы ауданында да жиі кездеседі.[2]
Құмаршық — мал азығы. Сүрлемге салынады.
Көшпенділер оның тұқымынан ұн жасап нан пісірген, жай ботқа да жасаған.
Тұкымынан май алынады, ол күнбағыс майынан бірде-бір кем емес.
Құм көшкінін тоқтату үшін де егіп өсіреді.[3]