Үлгі

 Басқа мағыналар үшін Үлгі (айрық) деген бетті қараңыз.

Yлгі (франц. modele, modulus — өлшем, үлгі, норма) — белгілі бір заттың өзіне салып пішілген нұсқасы, киімнің немесе ою-өрнектің үлгісі. Көбіне кілем, кесте, ши, т.б. жиһаздық заттар алдын ала әзірлеген Yлгі (халықтық Yлгі, яки суретші арнайы даярлаған Yлгі) бойынша тоқылады.

Үлгі — жан-жақты зерттеу мақсатында ашылымнан немесе тасбағаннан кертіліп алынған тау жынысытың, минералдың немесе таснұсқаланған ағзалардың қалдықтарының кесегі. Таскертпе терминімен орайлас түсінік.[1]

Киім-кешек пен ою-өрнектің қалыптасқан мәнері. Қазақ тайпалары мен ірі руларының, жүздерінің киім киінуінде, ою-өрнек түрін жасауда өздеріне тән ерекшелік сипаты болған. Yлгі ерекшелігі әр қауымның талғамына, географиялық орнына, шаруашылық кәсібі мен ауа райына, көршілес ру-тайпалардың рәсім-салтына орай қалыптасқан. Осыған байланысты қазақтың ертедегі сән және қолөнерінде Ұлы жүз Yлгісі, Орта жүз Yлгісі, Кіші жүз Yлгісі немесе арғын Yлгісі, найман Yлгісі, керей Yлгісі секілді мәнерлер көптеп кездеседі. Кейде Yлгілер кең ұғымда ұлттың, елдің, жердің атымен Қазақ кілемі, Иран кілемі, Әндіжан кілемі болып та атала береді. Үлгі — зерттелетін белгілі бір объектінің немесе объектілер жүйесінің сипаттап түсіндіру арқылы немесе материалдық түрде жасалған шартты бейне-үлгісі. Түсініксіз немесе аз зерттелген құбылыстың бейнесін, схемасын, сипаттамасын жасау үшін бұрыннан мәлім әрі зерттелген объектімен салыстыра отырып, осы құбылыстың үлгісі ретінде зерттеу немесе түсіңдіру мүмкіндігі.[2]

дельфин үлгісі

Кедір-бұдырлық үлгісі (Образец шероховатости) — үлгіліктің бет тегіссіздігінің бағыттары түзусызықты, доға тәрізді немесе айқасқан түрде жасалынады және кедір-бұдырлықтың негізгі параметрі (Ra) мен үлгіліктің өңдеу түрі көрсетілген. Осы үлгілік тетіктердің бет кедір-бұдырлықтарының сапасын бақылау үшін пайдаланылады.
Кертілген үлгі (образец надрезанный) — ақаудың әсерін анықтау мақсатында қолданылатын үлгі.
Стандарт үлгі (Образец стан¬дартный) — объектінің құрылымын немесе қасиеттерін сипаттайтын шама мәндері стандарт түрде бекітілген үлгі.
Сынау үлгісі (Образец для испытания) — материалдың немесе бүйымның қасиеттерін анықтау мақсатымен сынау жүмыстарын жүргізу кезінде гіайдаланылатын үлгі.
Үлгі астындағы тақта (Доска подмодельная) — көбінесе металдан жасалып, астыңғы және үстіңгі бөліктерден түратын, үстіне металл үлгілері орныктырылатын тақта. Құю жолының үлгілері де осы тақтаға койылады. Үлгі астындағы тақтаның бір жақты және екі жақты болатын түрлері бар.
Үлгі жиынтығы (Комплект модельный) — қорытылған металды қалыптарға құйып алу үшін қажетті барлык аспап түрлерінің (қалып, қорама, қорам жәшік, қосымша қондырғылар, аспаптар) жиынтығы.[3][4] [5]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шаруашылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.
  3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6
  4. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3
  5. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том