Үлкен шырыш | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Eremurus robustus (Regel) Regel, 1873 |
Үлкен шырыш (лат. Eremurus robustus) – шырыштар тұқымдасының шырыш туысына жататын, ұзындығы 55 см мөлшерінде шоғырлана біткен көкшіл жапырақты көз тартарлық түрлердің бірі. Олар жазда құрғақ әрі ыстық, ал қыста суық әрі ылғалды климаттық ортада өсіп - өнеді.
Шырыштар да қызғалдақтар тәрізді Ақсу - Жабағалы аумағында көптеп өседі және өсімдік жабынының қалыптасуында шешуші рөл атқарады. Маусым айының аяғында бұл алып өсімдік биіктігі 2,5 м гүлдейді, сол кезде оның алқызыл гүлді және ашық қызғылт сары тозаңды ірі гүлшоғыры алыстан көз тартып тұрады. Бұл кезеңде шырыштар түрлі түске боялған алып майшамдарға ұқсап көрінеді. Өте биік гүлсидам әдемі гүлшоғырымен - төменнен жоғарыға қарай біртіндеп ашылатын көптеген жұлдыз тәріздес гүлдер шашағымен аяқталады. Осындай әсем қалпын шырыштар жаз ортасына дейін сақтап тұрады.
Кейбір түрлерінің дәрілік маңызы бар. Мысалы, илария шырышы алкалоидтардың жоғарылығымен ерекшеленеді. Халықтық медицинада осы өсімдіктің кептірілген тамырынан жасалған ұнтақ бактерияға қарсы бұласыр ретінде пайдаланылады. Жас өскіндері мен тамыры жеуге жарамды, ал жапырақтарынан бояу алынады. Және де шырыштың барлық түрі - жақсы балды және балтозаңды өсімдік[1] [2] [3] [4]