Ұзақбай Қараманұлы Қараманов (20 тамыз 1937, Ұялы ауылы, Арал ауданы, Қызылорда облысы, Қазақ КСР, КСРО — 25 қыркүйек 2017, Алматы, Қазақстан) — мемлекет қайраткері.
Әлімұлы тайпасының Шекті руының Үсен бөлімінен шыққан.
- 1959 жылы Куйбышев (Самара) қаласындағы инженерлік құрылыс институтын бітірген.
- 1959 – 64 жылдары Шұбарқұдық автобазасында прораб,
- «Қызылорда құрылыс» тресінде инженер, басқарма бастығы
- 1964 – 80 жылдары «Алматы өнеркәсіп құрылысы» тресінде аға прораб, комбинат директоры, Қазақстан Компартиясы ОК-нің іс басқармасының қызметкері, Жеңіл және тамақ кәсіпорындары құрылысы басқармасының бастығы, Қазақ КСР ауыр өнеркәсіп министрлігінің Алматы құрылыс Бас басқармасының және Құрылыс индустриясы Бас басқармасының бастығы
- 1980 – 84 жылдары Қазақ КСР жеңіл өнеркәсіп министрлігінің орынбасары, «Қазақтың су тасқындарынан қорғану құрылысы» Бас басқармасының бастығы
- 1984 – 89 жылдары Қазақ КСР құрылыс министрлігінің 1-орынбасары, Қазақ КСР мемлекеттік жабдықтау комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.
- 1989 – 90 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы
- 1990 – 92 жылдары Қазақ КСР премьер-министрі болды.
- 1991 жылдың қазан айынан - ҚР мемлекеттік кеңесшісі.
- 1993 жылдың сәуір айынан - Аралды құтқару Халықаралық қорының атқарушы директоры.
- 1994 жылдың наурыз айынан - депутат, ҚР Жоғарғы Кеңесі Табиғатты пайдалану және экология комитетінің төрағасы, «Қазақстан халықтық конгресі» партиясынан ұсынылған.
- 1995 жылдың сәуір айынан - «Қазконтракт» республикалық келісімшарт корпорациясының вице-президенті.
- 1998 жылдың сәуір айынан - «Қомақ-Инвест» қаржылай-кәсіпшілік тобының президенті. Бір уақытта, 1998 жылдан - ҚР Құрылысшылар одағының президенті.
- 1999 жылдың қазан айынан - ҚР Парламенті Мәжілісі 2-ші шақырылымының депутаты (№37 Қызылорда облысының Аралмаңы сайлау округінен, «Отан» РСП атынан). Аймақтық дамыту және экономикалық қайта құру комитетінің мүшесі.
- 2004 жылдың қазан айынан 2007 жылға дейін - ҚР Парламенті Мәжілісі 3-ші шақырылымының депутаты.
- ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің 11-ші, 12-ші, 13-ші шақырылымдарының депутаты.
- КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қызылорда, Гурьев және Талдықорған облыстарынан ұсынылған. КОКП ОК (1990-1991), Қазақстан Компартиясы Саяси бюросының (1990-1991), ҚазКСР Президенттік кеңесінің (1990) мүшесі. Қазақстан Құрылысшылар одағының негізін салушы.
- Үйленген. Жұбайы - Раметоллақызы Ұлдай (1937 ж. т.).
- Ұлдары - Қараманов Асқар (1961 ж. т.), Қараманов Нұрлан (1965 ж. т.), Қараманов Дәулет (1970 ж. т.).[1]