Әкім — Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметiнiң жергiлiктi атқарушы органды басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдардың барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесiмдi қызмет iстеуiн, тиiстi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк басқару өкiлеттiгi берiлген, тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйiне жауапты өкiлi.
Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкімдіктің Басшысын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.
Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмдік Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын тиiстi аумақты дамыту мүдделерiмен және қажеттілiгімен үйлестiре жүргізудi қамтамасыз етедi.
Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмдікті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмi басқарады.
Әкiм облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмдіктің әкiм орынбасарларын, әкiм аппаратының басшысын, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бiрiншi басшыларын тағайындайды.
Қазақстанда әкім лауазымы президенттік жүйеге көшу барысында 1992 жылы 1 ақпаннан бастап халық депутаттары жергілікті Кеңесінің атқару комитетінің орнына енгізілген.[1] 1995 жылғы Конституцияға дейін әкім лауазымы орыс тілінде әкімшілік басшысы (орыс. Глава администрации) деп аталды. Қазір бұл лауазым Ресей Федерациясына жалға берілген Байқоңыр қаласында сақталған.
Қазақстаннан бөлек әкім деп аталатын жергілікті билік басшысы Қырғызстанда (аким), Өзбекстанда (hokim) және Түрікменстанда (häkim) кездеседі.
Өңір басшысы көптеген елдерде губернатор, префект, қала басшысы мэр, бургомистр, аудан басшысы супрефект деп аталады.
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() | Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|