“әл-АСАР әл-БАҚИЙА ӘН әл-ҚҰРҰН әл-ХАЛИЙА”(“өткен ұрпақтардан қалған іздер” немесе “Жылнама”) — Әбу Райхан әл-Бирунидің тарихи шығармасы. Автордың Гурган (Иран) билеушісі Кабус ибн Уашмгирге (976 — 1012) арнаған бұл шығармасы 998 — 1010 жылдары аралығында жазылған. “Жылнамада” барлық дәуірге сипаттама беріліп, гректер, римдіктер, парсылар, соғдылықтар, хорезмдіктер, еврейлер, исламға дейінгі арабтар, мұсылман қауымы мен түрлі ағымдағы христиандардың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері туралы қызықты мәліметтер келтіріледі. Мәдениет тарихында парсы белгілері басым болғанымен, автор тек араб тілін ғыл. тіл деп санайды. Шығармада қимақтардың орналасуы, діни нанымдары жөнінде құнды деректер берілген. Шығарманы 1878 жылы неміс шығыстанушысы Э. Захау бастырып шығарды.
Қазақ ұттық энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |