Тафтазани, Сад әд-Дин Масуд б. Омар (парсы: سعدالدین مسعودبن عمربن عبداللّه هروی خراسانی تفتازانی) (1 наурыз 1322, Иран — 10 қаңтар 1390, Самарқан) — соңғы каламның көрнекті өкілі.
Ниса қаласының маңындағы Тафтазан мекенінде туған, әл-Иджи мен Құтб әд-Дин ар-Разиден дәріс алды. Мәуереннаһрдағы әртүрлі медреселерде ұстаздық етіп, отыз жылға жуық өмірін кезбелікпен еткізді, кейін Әмір Темірдің шақыруымен Самарқанға келіп, өле-өлгенше соның сарайында болды.
Тафтазани қаламтанудағы, сондай-ақ, логика, геометрия, поэтика және араб тілі грамматикасын терең білуімен атағы шыққан. Кейінгі ғасырларда оның қалам жөніндегі қысқаша толғамдары, яғни компендиумдары жоғары дәрежеге жетіп, оған көптеген түсініктеме жазылды. Мәселен, «Тахзиб әл-мантик уа-л-калам», «Макасид фи илм әл-калам» еңбектері бізге Тафтазанидің өз түсініктемелері арқылы жеткен.[1]
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — Ислам туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |