Әш-Шағрани

аш-Шағрани, аш-Шағрауи, Абдәл - Уаххаб б. Ахмад (1493- 1565)- мысырлық танымал сопы және діндар. Сакийат-Әбу-Шағра қонысында туған ол өзінің ата тегін Зийани әулетінен шыққан тілемсендік билеушілерге, одан әрі Мұхаммед б. әл-Ханафилаға апарып тірейді (оның бұл ойы негізсіз емес сияқты). Ата-анасынан ерте айырылған аш-Шағрани Каирге қоныс тепкен соң бүкіл өмірін осында еткізді. Оның өкіл әкесі, әрі алғашқы ұстазы шейх әл-Гамри (1532 жылы өлген) еді. Белгілі Мысыр факихы, біршама уақыт Каирдың бас кадиы қызметін атқарған Закарийа әл- Ансари аш-Шағраниге шафиғилік фикһтан дәріс берді. Сондай-ақ, «сопылық ғылым» негіздерімен де аш-Шағрани әл-Кушайридің «Рисала фи-т-тасаууф» шығармасына жазған әл-Ансариди белгілі түсініктемесі бойынша танысты. Сопылық тәжірибе жинақтау ке- зеңінде аш-Шағраниге Әли әл-Хаууас пен оның шәкірті Афдал әд-Дин әл-Ахмад тәлімгер болды. Олардың ізгі қасиеттерін, терең білімі мен жаратылысы өзгеше қабілеттерін (кереметтерін) сипаттауға аш-Шағрани өз шығармаларында көп көңіл бөледі. аш-Шағраниге ибн Араби көзқарастары үлкен ықпал жасады. Ол Каирде аз уақыт ішінде сопылықты уағыздаушы ретінде кең танымал болды. Содан соң ол әл-Гамри мешітінен көшіп, Умм-Хунд медресесіне орналасты, мұнда оның айтатын уағыздары мен ғибадаттарын таңдауға қарапайым адамдар да, көрнекті лауазым иелері де келіп тұратын. Дәулетті кади Абд әл-Кадир әл-Магазили аш-Шағрани үшін медресе салып, өзінің меншігіндегі жайылымдық жердің белгілі бір бөлігін оған бөліп берді, бұдан түскен табысты пайдалану құқығы аш-Шағрани мен оның ұрпақтарына қалдырылды. Мұның өзі оның жомарттықпен қайыр-садақа үлестіруіне, қайыршылар мен кембағалыларды, сондай- ақ өзінің қыруар мүридтерін қамқорлыққа алуына мүмкіндік берді, сөйтіп оның атақ-даңқы одан әрі есе түсті. аш-Шағранидың атақ-даңқы оның факихтер арасындағы дұшпандарының қызғанышын туғызды. Алайда олардың аш-Шағраниді мұқатуға тырысқан әрекеттерінен ештеңе шьққан жоқ, мұның бәрі Әлгі паша уәзір мен басқа да кейбір әмірлердің аш-Шағраниді камқорлыққа алуының нәтижесі еді. Каирде аш-Шағрани есімі ғасырлар бойы ұмытылмай келеді. 1774 ж. оның қабірінің басына мешіт салынды (аш-Шағрани есімімен аталатын), осы мешіт күні бүгінге дейін сақталған. Мешіт орналасқан көше мен оған жақын орналасқан жерлер де аш-Шағрани есімімен аталады. аш-Шағрани мұсылмандық ілімінің әртүрлі салалары- на: хадистерге, фикһке, сопышылдыққа, т.б. арналған 60-тан аса шығарма жазып қалдырған. әл-Кушайри мен әл-Газалидің ізбасары бола отырып ол ашғаришіл қалам мен «дінге адал» сопышылдықты уағыздаушы ретінде танылды, ол соңғы ағымның өмірде қолданылу жағына ерек- ше назар аударды. Ибн Араби ықпалының күшті болғанын қарамастан аш-Шағрани оның «Болмыстың біртұтастығы» (уахдат әл- ууджуд) туралы ілімін қабылдамады. «Ұлы Шейхты» қорғай отырып, ол оның ең батыл қағидалары туралы пікір айт- пай айналып етуді мақұл көрді немесе бұларды ибн Арабидің шығармаларына оның дұшпандары енгізген қосалқы жа- мау (интерполяпия) деп есептеді. Сон- дықтан аш-Шағрани бұл шығармалардың мәнін терең білмейтіндерге оларды оқымау ту- ралы кеңес берді. аш-Ш-дің өзі туралы жоғары пікірде болғанша қарамастан, ол сопышылдық теоретик ретінде ешқандай жаңалық ашпаған: тек сопышыл классик- тер пікірлерін жалпылама қайталай отырып, сопылардың әдет-ғұрпы мен қолданатын терминдерін, мүридтер жүріс- тұрысы ережелерін, шейхтерге көмек көрсетушілерді егжей-тегжейлі сипаттады. әл-Газали мен ибн Араби сияқты аш-Шағрани түйсіктік және Құдай сәулелендірген ілімді (заук уа кашф) жоғары қояды, алайда бұл ілім Құран мен сүрелердегі текспен пысықталуы керек. аш-Шағрани фикһ пен Ислам қағидаларын егжей-тегжейлі меңгеру әрбір сопының міндеті деп есептей отырып, «зиялы» сопышылдықты жақтады. аш- Шағранидың фикһ саласындағы елеулі еңбегі - ол «салмақ» (мизан) қағидасын жасап шығарды. Бұл қағиданың түпкі негізі - суннашылардың төрт құқықтық мектептері арасындағы келіспеушілік, негізінен, шариғат ережелерінің міндеттілік дәрежесін түсіндіруге байланысты болды деген тұжырым. аш-Шағранидың айтуы бойынша барлық мазһабтардың (мектептердің) негізін қалаушылар дұрыс бағыт ұстанған және бәрі де біркелкі діни заңдар негізін қатаң сақтаған. Олардың арасындағы өзгешеліктің мәні - шариғаттың белгілі бір ережесін өз ізбасарлары үшін «қатайту» (ташдид) немесе «жұмсарту» (тахфиф) дәрежесіне байланысты. Адам қандай да бір мазһабтың айтқанын ғана орындауға міндетті емес: ол өзі тап болған мәселеде «қатаң» дәрежені ұстанатын мектептің талаптарын орындауға ұмтылуы қажет. Егер оның дәлелді себептерге байланысты шариғат қағидасын қатаң дәрежеде орындауға мүмкіндігі болмаса, онда мазһабтардың бірі ұсынғандай «жұмсартылған» (рухса) дәрежені пайдалануын болады. Бұл қағида Аллаһ жүктеген міндеттер (таклиф) салмағынан әлсіз адамдардың «бір мезгіл жеңілденуіне» (танфис) мүмкіндік береді. аш-Шағранидың көзқарасы оның Мысырдағы суннашылар мазһабтарының факихтері арасындағы пайдасыз тартыстарды ұнатпауына байланысты қалыптасты, бұл тартыстар аш-Шағранидың өзі мүдделерін қорғап жүрген дінге сенушілер бұқарасын «әрі-сәрі күйге түсіретін» Құдай белгілері туралы мәселеде аш-Шағрани ибн Арабидің адам ақыл-ойымен мәніне жете алмайтын (трансценденттік) Құдай туралы ілімін жақтайды. Бұл ілім бойынша Құдай абс. ақыл-ой жетпейтін деңгейден адам білімі жететін «есімдер мен белгілер» деңгейіне төмен түскен кезде ғана адамдар оны тани алады. аш-Шағрани еңбек адамдарына - қолөнершілер мен феллахтарға үлкен кұрметпен қарады, оның өмірі де солардың арасында өткен еді. Өз шығармаларында ол қысым көрушілерді қорғаушы, үкімет шенеуніктерінің және соларға жақын жүретін діндарлар мен соттардың қайтпас қайсар сыншысы кейпінде көрінеді. Сонымен бірге, аш-Шағрани менмендік пен өзін-өзі асыра бағалаудан да құралақан емес. Бұл, әсіресе, оның өмірбаяндық шығармасы «Латаиф әл-минанда» айқын байқалады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1