Өгем жотасы

Өгем жотасы
Сипаттамасы
Тау жүйесі

Тәңір тауы

Пайда болған кезеңі

Төменгі карбон

Ұзындығы

110 км

Ені

30 км

Биіктігі

4299 м

Орналасуы

41°52′23″ с. е. 70°14′43″ ш. б. / 41.87306° с. е. 70.24528° ш. б. / 41.87306; 70.24528 (G) (O) (Я)Координаттар: 41°52′23″ с. е. 70°14′43″ ш. б. / 41.87306° с. е. 70.24528° ш. б. / 41.87306; 70.24528 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 Қазақстан,  Өзбекстан

Өгем жотасы (Қазақстан)
Өгем жотасы
Өгем жотасы (Өзбекстан)
Өгем жотасы

ӨгемТәңір тауы тау жүйесінің батысындағы тау жотасы. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 110 км-ге созылған, енді жері 30 км-дей. Ең биік жері – Сайрам шыңы (4299 м).

Геологиялық құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Төменгі карбонның әктас, құмтас жыныстарынан түзілген.

Жер бедері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Оңтүстік-батысы көлбеуленіп Шарбақ бөгеніне (Өзбекстан) тіреледі. Жер бедері әр түрлі; төменгі шекарасы шалғындық жазықтар. Жазық жайлауларында бұлақ, бастаулар мол. Биік жоталарды мұздықтар басып жатыр. Қазығұрт, Төле би аудандары аумағына Өгем жотасының солтүстік мен оңтүстік-батысы кіреді. Құмкезең, Жалтыр, Көнекті, Жетіүңгір, Пиязды, Шымырбай, Азартеке, Мақпал жоталарынан, Тұрпақбел, Майдантал асуларынан тұрады. Өгемнің Талас Алатауымен қиылысқан жерінде Ақсу-Жабағылы қорығы орналасқан. Тау мұздықтарынан Өгем, Піскем өзендерінің салалары: Майдантал, Балдыбірек, Сайрамсу, Сарыайғыр өзендері бастау алады.

Таудың қоңыр, альпілік шалғынды топырағында, тау етегінде әр түрлі шөптесіндер, бұта аралас жеміс ағаштары, биіктік белдеуінде аршаның түрлері, субальпі, альпі шалғыны өседі.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]