Өсімдік солмасы

Өсімдік солмасы — түрлі себептердің саласынан өсімдіктің солып қалуы. Өсімдік солмасының себебі патогенді саңырауқұлақтардың, бактериялардың әсерінен, сондай-ақ су жетіспегеннен, температураның жоғары болуынан т.б. болуы мүмкін.

Өсімдік солмасына көбіне мақта, азырақ күнжіт, зығыр, помидор, картоп, қауын, қарбыз, өрік, шабдалы т.б. ұшырайды. Фузариоз солмасы картоп, капуста, қарбыз, қияр, мақта, өрікті зақымдайды. Фузориоз солмасы картопқа көбінесе гүл бүршіктері пайда бола бастағанда түседі. Мұнда картоп сабағының түбі қоңыр тартып, төменгі жапырақтары сарғайып түсе бастайды. Бақша дақылдарын бүкіл өніп өсу кезінде зақымдайды. Зақымдамаған бақша дақылдарының жапырықтары көк күйінде кеуіп қалады. Бұл аурудың қоздырғыштары егістік жердің топырағында және дақылдар дәндерінде сақталады.

Күрес шаралары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • ауыспалы егіс
  • өсімдік қалдықтарын өртеу
  • сүдігерді терең жырту және органикалық, минералдық тынайтқыштарды, химиялық препараттарды қолдану[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы