Ансеримимус

Ансеримимус
Галлимимус

Ансеримимус — орнитомимозаврдан тарайтын орнитомимид тұқымдасын жататын динозавр. Оның ең жақын туысы — галлимимус. Ансиримимустың да, галлимимустың да сүйегі Моңғолияның Немеги тас түзілімдері қабатынан— табылған. Ансеримимустың сүйегі 1970 жылдарың аяғында Гоби шөліне жасалған біріккен кеңес—моңғол экспедициясы кезінде моңғолдың Баянхонгор аймағынан қазып алынды. Немеги — ирелендеген өзендерден құралған шөгінді жазық дала. Ол бұдан 74—65 миллион жыл бұрын Маастрихта кезеңінде пайда болған. Бұл аймақтардан галлимимустан өзге тарбозавр мен дейнохейрустың және кішілеу дромеозавридтердің, овирапторозаврлардың, троодонтидтердің сүйектері мен құстар да табылған.

Қызықты дерек

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Ансеримимус осыдан 74—65 миллион жыл бұрын, кейінгі Бор дәуірінде өмір сүрді.
  • 1988 жылы моңғол палеонтологы Ринчен Барсболд осы атауды ұсынған.
  • Бұл латынның «ансер» — «қаз» және гректің «мимос» — «еліктегіш» деген екі сөзінің қосындысы.
  • Бұл динозаврдың бассүйегі табылмағандықтан оның немен қоректенгені белгісіз.

Мәліметтер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Қорегі : жануарлар
  • Салмағы : 62 келіге жуық
  • Тұқымдас : Орнитомимид
  • Отряд тармағы : Теропод [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Динозавр энциклопедиясы—Алматы: „Аруна“ баспасы