Тынық мұхит қауымдастығының хатшылығы

Тынық мұхит қауымдастығының хатшылығы

ТМҚХ байрағы
Штаб-пәтері Нумеа, Жаңа Каледония
Негізделді 1947
Ресми сайт http://www.spc.int/

Тынық мұхит қауымдастығының хатшылығы (ағылш. Secretariat of the Pacific Community) — аймақтық үкіметаралық ұйым, Океанияның 22 мемлекеті және аумағы мүше болып табылады, сонымен қатар 4 ел-бастамашы (Австралия, Жаңа Зеландия, АҚШ, Франция). ТМҚХ-ның негізгі мақсаты Тынық мұхиты халықтарының техникалық, кәсіби, ғылыми, зерттеу және олардың басқарма әлеуетін жоғарлату, сонымен қатар олардың болашақтағы дамуын және әл-ауқатын жақсарту мәселелерінде келісілген шешімдерге қол жеткізу мақсатында ақпаратпен және консультациялық көмекпен қамтамасыз ету.[1]. Ұйымның штаб-пәтері Жаңа Каледонияның әкімшілік орталығы Нумеа қаласында орналасқан.

Тынық мұхит қауымдастығының хатшылығы 1947 жылы Оңтүстік тынық мұхит комиссиясы (ағылш. South Pacific Commission) ретінде осы аймақта өз мүдделері бар 6 мемлекетпен негізделді: Австралиямен, Ұлыбританиямен, Нидерландымен, Жаңа Зеландиямен, АҚШ-пен, Франциямен.

ТМҚХ-ның құрылтай құжаты Канберра шарты болып табылады.

Ұйым мүшелері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тынық мұхит аралдарына қызығушылықтың төмендеуі немесе оңтүстік тынық мұхит елдеріне басқа салаларда көмек көрсету ықыласына байланысты ТМҚХ-ның екі мемлекет-бастамашысы ұйымнан шықты: Ұлыбритания (19951998 және 2005) және Нидерланд (1962 жылы).

1969 жылға дейін ТМҚХ Нидерланд Ост-Үндістанның (қазір Ириан-Джая) мүддесіне өкілдік етті, бірақ Индонезиямен аннексияланғаннан кейін, бұл аумақ ұйым мүшесі ретінде болуды тоқтатты.

Негіздеуші елдер
 Аустралия  Франция  Жаңа Зеландия  АҚШ
Тынық мұхит елдері мен аумақтары
 Америка Самоасы  Маршалл аралдары  Палау Республикасы  Токелау
 Кук аралдары  Микронезия  Папуа — Жаңа Гвинея  Тувалу
 Фиджи  Науру Питкерндер Питкэрн аралдары  Вануату
 Француз Полинезиясы  Жаңа Каледония  Соломон аралдары  Уоллис және Футуна
 Гуам  Ниуэ  Самоа
 Кирибати  Солтүстік Мариана аралдары  Тонга

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Associated Press Role of SPC. Тексерілді, 2007-15-06.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]