Baker Hughes

Baker Hughes
Түрі

Акционерлік қоғам

Биржадағы листингі

NYSE: BHI

Қызметі

бұрғылау құралдары

Құрылды

1907/1987 қосылды

Орналасуы

 АҚШ, Хьюстон

Басты адамдары

Мартин Крейгхед (президент)

Саласы

пайдалы қазбалар өндірісіндегі қызмет

Өнімі

бұрғылау құралдары, сервис, мұнай өндіру

Операциялық кірісі

$1,949 млрд (2013)

Таза табыс

$1,096 млрд (2013)

Қызметкерлер саны

59 400 адам (2013)

Сайты

bakerhughes.com

Baker Hughes — әлемдегі мұнай-газ саласында қызмет көрсетуші (сервистік) компания. Halliburton және Schlumberger компанияларынан кейінгі әлемдік үш үлкен сервистік компанияның қатарына кіреді. Негізгі қызмет көрсету аясы: ұңғымаларды бұрғылау, геофизикалық қызмет, ұңғыманы аяқтау, бұрғылау сұйықтарын дайындау, бұрғылау құралдарын жасау. Компания 90 астам елде жұмыс істеуде, оның 35 000 астам қызметкері бар.

Компанияның негізгі ірі кеңселері Абердин қаласында (Ұлыбритания), Сингапур және Дубай қалаларында орналасқан. Одан басқа ғылыми-зерттеу орталықтары Целле қаласында (Германия), Лафает, Хьюстон (АҚШ), Пескара (Италия) және Куала-Лумпур (Малайзия) қалаларында орналасқан.

Компанияның қызметі әлемдік операцияларды негізгі екі бөлімге бөлу арқылы жүргізіледі. Олар Батыс жарты шары және Шығыс жартышары. Біріншісіне 5 аймақ кіреді: Еуропа, Африка, Таяу Шығыс, Шығыс Азия және Ресей/Каспий теңізі). Екінші бөлімге төрт аймақ кіреді: Канада, АҚШ, Мексика шығанағы (АҚШ шельфі) және Латын Америкасы); осы Аймақтардың әр қайсысы Гео Маркеттерге бөлінеді.

Baker Hughes жалпы капитализациясы 22 млрд АҚШ долларын құрайды[1]. 2014 жылдың 13 қараша күні Halliburton мен Baker Hughes компанияларының өзара бірігу мүмкіндігі туралы хабарланды. Halliburton капитализациясы - 48 млрд, Schlumberger - 125 млрд АҚШ долларын құрайды.

2007 жылы Baker Hughes компаниясы өзінің 100 жылдық мерей тойын атап өткен болатын.

Baker Hughes Incorporated 1987 жылы Baker International және Hughes Tool Company компанияларының қосылуы негізінде пайда болды.  Компанияның бастауы 1900 жылдардан бері мұнай және газ саласында қызмет етіп келе жатқан көптеген компаниялардың тарихынан жасақталып келе жатыр.

Бұрғылау қондырғыларының статистикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Компания бұрғылау қондырғыларының статистикасын дайындап, мұнай және газ өнеркәсібіндегі компанияларға арналған The Baker Hughes Rig Counts арнайы қызметін ұсынады. Бұл қызмет 1944 жылдан бері АҚШ пен Канада аймағында қондырғылардың апталық есебін дайындаудан басталды. Әлемде қызмет ететін қоныдрығылар саны туралы ақпарат 1975 жылдан бастап дайындала бастады. The Baker Hughes Rig Counts қызметі мұнай ұңғыларын бұрғылау өнеркәсібі үшін маңызды параметр. Аталған есеп негізінде компаниялар өздерінің жоспарын құрады, бұрғылау компанияларының белсенділігінің көрсеткіші. Сонымен қатар тарихи деректеме қорын қалыптастырып, өткенге шолу жасау мүмкіндігін береді.

Солтүстік Америка аумағына қатысты статистика апта сайын соңғы жұмыс күні түсте жарияланады. Ал әлемдік статистика әр айдың бесінші жұмыс күнінің кешінде жарияланады[2]. Ақпарат компанияның ресми сайтында жарияланады.

Қазақстанда

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Компания Қазақстандағы қызметін Қарашығанақ кен орнында сервистік қызмет көрсетуден бастаған болатын. Қазіргі кезде Қашаған кен орны мен ірілі-кішілі компанияларға қызмет көрсетумен айналысады. Компанияның негізгі кеңселері Атырау және Ақтау қалаларында орналасқан.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • www.bakerhughesdirect.com

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Halliburton начала переговоры о покупке Baker Hughes
  2. Rig Count Overview & Summary Count