-{SuperStar KZ}- — танымал британдық Pop Idol шоуына негізделіп шыққан реалити-шоу. Әр сенбі сайын 18:50-де Еуразия Бірінші арнасынан көрсетілген реалити-шоу. Бұл жарыс-шоу Қазақстандағы жас әншілерді анықтау үшін ұйымдастырылған болатын. СМС немесе телефон арқылы дауыс беру әр сенбі сайын 22:40, ал қорытындысы 22:30-дан 23:00 дейін. SuperStar KZ — Қазақстандық телевидениядағы екінші сатып алынған лицензиялық жоба. SuperStar KZ орыс тілінде ұсынылған, ал әндері орыс, қазақ және ағылшын тілінде.
Бірінші маусым «Толық лицензия» бойынша жүрді және тоғыз айға созылды. Жоба 16 қаладағы тыңдаудан: Астана, Тараз, Ақтау, Семей, Павлодар, Атырау, Шымкент, Қызылорда, Талдықорған, Қарағанды, Көкшетау, Ақтөбе және Алматы, нәтижесінде жюрилер 5563 адамды тыңдады. Екінші кезең — Elimination, Алматы қаласында 27 тамыздан 3 күнге созылды. Бұл конкурс бойынша 100 адамның ішінен 50 таңдап алынады. Үшінші кезең «Work Shop» — «Жұмыс дүкені» деп аталады. Бұл 2003 жылдың қараша айының 1 мен 30 аралығында бес апта бойы жүрді. Әр апта сайын Алматыға вокал, хореография және стиль бойынша дәріс алған 10 конкурсант, ал сенбі сайын тікелей эфирден көрермендер олардың не үйренгенін көре алады. Әр ондықтан тек екеуі ғана шығады. Финалда 10 адам. Бірақ ұйымдастырушылар 13 желтоқсан күні жүргізді. «Бақытты билет» 8 қатысушыға финалға шығуға мүмкіндік берілді. 8 қатысушыларды таңдау келесідей болып өтті: жюри мүшелері әрқайсысы келісімсіз бір-бір қатысушыларды атады. Екі қатысушыны жюри бір бірімен талқылау арқылы таңдады. Әрі қарай финалды концерттер сериясы өтті. Ол жерде 12 финалисттердің ішінен әр апта сайын бір қатысушы жобадан кетіп отырды.
Әр концерттің тақырыбы:
Top 12: Шетел хиттар.
Top 11:
Top 10:
Top 9:
Top 8: Қазақстандық хиттар.
Top 7: Sanremo 80 жылдардағы Диско-хиттар.
Top 6: Совет кезеңіндегі хиттар.
Top 5: Қазіргі кездегі шетелдік хиттар.
Top 4: Махаббат әндері.
Top 3: Ресейдің қазіргі хиттары.
Top 2: Grand Final
Гранд-финалда телефон қоңырауы мен СМС саны — 622 394-ке жетті. Ким Романға — 295 807 дауыс, ал Алмас Кішкенбаетың еншісіне 326 587 дауыс берілді. Айырмашылығы тек бес процент қана болды.
-{SuperStar KZ}- Бірінші маусымның демеушілері Қазкоммерцбанк және Электроника Әлемі дүкендер желісі болған еді.
SuperStar KZ. Екінші сезон. Тыңдау Тараз, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Өскемен, Павлодар, Қарағанды және соңғы нүктесі Астана қалаларында 2004 жылдың 23 мен 30 шілде аралығында өтті. SuperStar KZ екінші маусымының премьерасы 2004 жылы 25 қыркүйекте Бірінші Евразия Каналында болды. 2004 жылдың 6 қараша айында «Work shop» кезеңі өтті. Бес апта аралығында көрермендер конкурс қатысушыларын тікелей эфирден көре отырып бірден артынша ұнаған конкурсанттың ішінен көрермендер дауысын көбірек жинаған екі конкурсант қана финалға шыға алды.
Олар Тараздық Алишер Каримов пен Шымкенттік Қайрат Түнтеков. Екеуі бірдей 3 әнді орындап, 19 жасар Қайрат Түнтеков бәйгеге жетті.
-{SuperStar KZ}- екінші маусымының демеушілері Қазқоммерцбанк пен LG компаниясы табылады.
SuperStar KZ Үшінші маусымның премьерасы 2005 жылы 26 қарашада Бірінші Евразия Каналында болып өтті. 2006 жылдың 7 қарашында «Шынайы таңдау» Алматы турнирына келген SuperStar KZ 3 атағына үмтікер 143 адамнан жюри 40 көшбасшыны таңдады. Әдеттегідей қатысушыларды 5 топқа 8 адамнан бөліп, олардың музыкалық таланттар әр сенбі сайын бағаланып отырды.
2007 жылдың бірінші жарты жылдығында өткен қорытынды маусым. Төртінші маусымның тыңдауы 30 қаңтар мен 14 ақпан аралығында келесідей қалаларда өткізілді:
SuperStar KZ төртінші маусымының премьерасы 2007 жылы 17 ақпанда Бірінші Евразия Каналынды болды. Төртінші маусымда ондық финалға қатысушыларды таңдау былайша жүргізілді, бірінші аптада 12 қыз, келесі аптад 12 жігіт шығанды. Осылардың ішінен 8 жігіт пен қызы шығады. Содан 8-ден 4 қатысушы және 8 финалист. Сонымен қатар екі қатысушыға финалға шығуға мүмкіндік бертін бақытты билет.