Ансеримимус — орнитомимозаврдан тарайтын орнитомимид тұқымдасын жататын динозавр. Оның ең жақын туысы — галлимимус. Ансиримимустың да, галлимимустың да сүйегі Моңғолияның Немеги тас түзілімдері қабатынан— табылған. Ансеримимустың сүйегі 1970 жылдарың аяғында Гоби шөліне жасалған біріккен кеңес—моңғол экспедициясы кезінде моңғолдың Баянхонгор аймағынан қазып алынды. Немеги — ирелендеген өзендерден құралған шөгінді жазық дала. Ол бұдан 74—65 миллион жыл бұрын Маастрихта кезеңінде пайда болған. Бұл аймақтардан галлимимустан өзге тарбозавр мен дейнохейрустың және кішілеу дромеозавридтердің, овирапторозаврлардың, троодонтидтердің сүйектері мен құстар да табылған.