Барри Болтон

Барри Болтон ағылш. Barry Bolton – ағылшын мирмекологі.

Ұлыбританияда дүниеге келген.

1971-2004 жылдары Британ жаратылыстану мұражайында қызмет еткен. Африка құмырсқаларын жікке бөлу, жүйелеу бойынша әлемдегі тәжірибелі маман.

Оның 2000 жылы шыққан 1000 беттік кітабында шамамен құмырсқаның 454 түрі сипатталған. 100-ге жуық ғылыми еңбектердің авторы.

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Барри Болтон 1994 жылы дүниежүзіндегі құмырсқаларды топтастырып, жікке бөліп жазған ғылыми кітабы үшін Winner of the Professional/Scholarly Publishing Award of the Association of American Publishers, Biological Science Category сыйлығымен марапатталған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]