Вера Павловна Строева | |
Вера Строева. 1930-ыншы жылдар | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған кездегі есімі |
Вера Павловна Рихтер |
Туған күні | |
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы |
КСРО |
Мамандығы | |
Белсенді жылдары | |
IMDb |
Вера Павловна Строева (21 қыркүйек 1903, Киев қ. - 27 тамыз 1991, Мәскеу қ.) — кинорежиссер, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1944), Ресей халық артисі (1973).
Киев театр өнері институтының актерлік бөлімінде оқыды.
Кинодағы шығарм. жолын сценарий жазудан (1925) бастады.
1930 жылдан режиссурамен шұғылданды. Төңкеріс тақырыбын қозғайтын "Жеңімпаздар ұрпағы" (1936), "Ресей жүрегі" (1971) фильмін қойды. Ол режиссер Г.Л.Рошальмен бірлесіп Ф.М. Достоевскийдің, Ф.И. Панферовтың шығармаларын, сондай-ақ, М.П. Мусоргскийдің "Борис Годунов" пен "Хованщина" операсын экрандады.
2-дүниежүзілік соғыс жылдары Алматы қаласында болып, "Алып туралы ән" мен "Жауынгер ұлы" (1942) фильмін коюға қатысты. Строева пьесалар мен сценарийлер жазған.
"Құрмет белгісі" орденімен, медальдармен марапатталған.[1]