Есенбұға
|
Лауазымы
|
|
1429-1462
|
Ізашары
|
Сатұқ хан
|
Ізбасары
|
Дос Мұхаммед хан
|
Өмірбаяны
|
Діні
|
ислам
|
Қайтыс болуы
|
1462 (1462)
|
Династия
|
Тоғылық Темір
|
Әкесі
|
Уәйіс Хан
|
Балалары
|
Дос Мұхаммед
|
өңдеу |
Есенбұға, Исан Бұға – Моғолстан билеушісі (1429 – 61/62). Шағатай әулетінен шыққан. Ата тегі: Шыңғыс хан — Шағатай— Мамкан — Қара Исун — Барақ — Даводж — Шер Әли оғлан — Уәйіс хан — Есенбұға. Уәйіс хан қайтыс болған соң, оның екі ұлы Жүніс пен Есенбұға арасында билік үшін күрес болып, соңғысы 1429 жылы жергілікті тайпа көсемдерінің және әмірлердің қолдауымен билік басына келеді. Есенбұға көп ұзамай тұрфандық Темірді өзіне найб етіп аламын деп, қол астындағы әмірлердің карсылығына ұшырайды. Есенбұға билік еткен алғашқы жылдары Моголстанда орталық билік әлсіреп, хан беделі төмендеді. Есенбұға дулат тайпасынан шыққан Әмір Саиид Әлидің көмегімен Шығыс Түркістандағы Ақсу қаласына бекінеді. Өз беделін нығайтып алған соң, алғашында Түркістан, Сайрам, Ташкент аймағына (1450 — 51), кейін Әндіжан өңіріне (1453 — 55) шапқыншылық жорықтар жасайды. Әмір Темір өулетінен шыққан Мауераннаһр билеушісі Әбу Саиид мырза Хорасан бағытындағы саясатын жемісті жүргізу үшін және Мауераннаһрдың шығыс шекарасын Есенбұғаның жорықтарынан қорғау мақсатында ағасы Жүністі оған қарсы пайдаланды. Жүніске Әндіжан өңірінен жер беріп, Есенбұғаның иелігіндегі жерлерге қауіп туғызады. Есенбұға 1457 — 1458 ж.ш. Әбілхайыр ханнан бөлініп, өзіне көшіп келген Керей мен Жәнібек хандарға Шу бойы мен Қозыбасы өңірін беріп, оларды өзіне тосқауыл әрі одақтас етеді. 1458 — 60 ж. Жүніс ханның Есенбұғаға қарсы жасаған жорығы сәтсіз аяқталады. Есенбұға қайтыс болған соң, Шығыс Түркістанда оның ұлы Дос Мұхаммед хандық құрған (1461/62-69). 1469 жылдан Моғолстандагы билік Жүніс ханның қолына көшеді.[1]
- ↑ Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2