Йосеф Аронович Пятницкий

Йосеф Аронович Пятницкий (1 қаңтар 1882 жыл, Вилькомир, Ковенская губерниясы - 29 шілде 1938 жыл) — Ресейдегі және халықаралық революция қозғалысының қайраткері. 1898 жылдан Компартия мүшесі болды. Вильнюс киім тігушілері кәсіподағының секретары болды.

Қызмет жолы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1901 ж. «Искра» атты революциялық газетін Ресейге жеткізу жұмысымен шұғылданды. 1905 ж. РСДЖП Одесса комтитетінің мүшесі. 1906-1908 ж. Мәскеу партия комитетінде жұмыс істеді. 1908-1913 ж. Женевада әдебиетті Ресейге тасымалдау жұмысын басқарды. РСДЖП Бүкілресей конференциясын шақыру жұмысына қатысты. 1913-1914 ж. Вольскіде, Самарада партиялық жұмыста болды. 1914 ж. Енисей губерниясына жер аударылды. 1917 ж. РСДЖП Мәскеу комитетінің мүшесі атанды. Партия орталығының мүшесі ретінде Мәскеудегі Қазан көтерілісіне қатысты. 1917 жылдан кәсіподақ жұмысныда, 1918-1922 ж. Моссовет аткомының және БОАК мүшесі, 1919-1920 ж. теміржолшылар кәсіподағы председателінің қызметін қоса атқарды. 1920 жылдан РКП ОК аппаратында істеді. Партияның 8. 9.12-17 съездерінің делегаты, 13-14 съездерде БКП ОК мүшелігіне сайланды. Халыаралық революциялық қозағалыс жөнінде бірнеше еңбектің және "Болшевиктің жазбалары" естелігінің авторы. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976 ж. 9 том