Аудан | |
Көктоғай | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Кіреді |
Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы, Іле Қазақ автономиялық облысы, Алтай аймағы |
Әкімшілік орталығы |
Қуертіс |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
47°13′ с. е. 89°39′ ш. б. / 47.217° с. е. 89.650° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 47°13′ с. е. 89°39′ ш. б. / 47.217° с. е. 89.650° ш. б. (G) (O) (Я) |
Құрылған уақыты | |
Жер аумағы |
32327 км² |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
83000 адам (2003) |
Телефон коды |
906 |
Пошта индекстері |
836100 |
Координаттар: 47°13′ с. е. 89°39′ ш. б. / 47.217° с. е. 89.650° ш. б. (G) (O) (Я) |
Көктоғай ауданы (ұйғ. كۆكتوقاي ناھىيىسى; Köktoqay nahiyisi, қаз. كوكتوعاي اۋدانى; Көктоғай ауданы) немесе Фуюн уезі (қыт. 富蕴县) — Қытай Халық Республикасы Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы Іле Қазақ автономиялық облысының Алтай аймағына қарасты әкімшілік-аумақтық құрылым. Әкімшілік орталығы — Қуертіс кенті.
Көктоғай 1937 жылы Бурылтоғай ауданынан жеке бөлініп шықты. 1959 жылы әкімшілік орталығы Көктоғай кентінен Қуертіс кентіне ауысты. Бұл жер аты алты Алашқа мәлім болған әйгілі, 20 ғасырдың "Шыңғысханы" аталған Оспан Батыр Исламұлын дүниеге әкелген қойнауы құт дарыған киелі өлке. Қазақтың Қаны көп төгілген Қанды өлке.
Аудан солтүстігінде Моңғолиямен, шығысында — Шіңгіл ауданымен, батысында — Бурылтоғай ауданымен, оңтүстігінде — Чанцзы-Хуэй автономиялық аймағымен шекараласады. Шыңжаң Ұйғыр автономялық ауданының терістігінде, Алтай аймағының шығысынан, Ертіс өзенінің жоғарғы ағарынан орын алған, Алтай аймақтық әкімшілік мекемесі тұрған Алтай қаласынан тасжол аралығы 237.3 км., Іле Қазақ автономялық обылысының орталығы Құлжа қаласынан 1196 км., Шыңжаң Ұйғыр автономялық ауданының орталығы Үрімжі қаласынан 480 км. қашықтықта؛ солтүстігінде Моңғолиямен, Шіңгіл ауданы мен шекараласып, батысында Буырылтоғай ауданымен жалғасып, оңтүстігінде Жұңқар ойпатына сұғынып кіріп, Санжы Хұйзу(Дүңген) автономялық обылысының Шонжы, Жемсәрі сияқты аудан, қалаларымен шекараласады. Көктоғай ауданының жерінің шығысынан батысына дейінгі бойлығы 333 км., оңтүстігінен солтүстігіне дейінгі бойлығы 133 км., бүкіл аудан жерінің әкімшілік аудандарға бөліну аумағы 33 мың 699 шаршы км., жайылымдық аумағы 54 мың 277 шаршы км.
Көктоғай ауданының жер бедері солтүстігі биік, оңтүстігі аласа келіп, теңіз деңгейінен биіктігі әдетте 800 метрден 1200 метрге дейін .
Автономыялы аудан мен Көктоғай ауданындағы жер сілкінісін бақылау тарауларының материалдарына негізделгенде Көктөғай, Тұрғын, Қарасеңгір тауы желісінде 1931 жылы 11 тамыз сағат 5 те 8 балл күшті жер сілкінген. 1976 жылдан 1985 жылға дейінгі 10 жылда осы ауданда 0.8 – 4.5 балға дейінгі жер сілкінісі 113 рет болды. Әр жылы орта есеппен 12.6 рет туылған. 0.8 балдан төменгі жер сілкінісі тоқтаусыз болып тұрады. Жер сілкінісі – Көктөғай ауданының жеріндегі елеулі апаттардың бірі.
Көктоғай ауданы 5 қалашыққа және 6 ауылқа бөлінеді[1]:
Бұл — Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданы географиясы бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |