Лорен Луис Шарки(Sharkey)(06.08.1898-13.05.1967) - Австралия және халықаралық жұмысшы қозғалысының қайраткері. 1924 жылы Австралия Коммунистік партиясына (АКП) кірді. 1928 жылдан АКП ОК- нің, 1930 жылдан АКП ОК Саяси комитетінің (Саяси бюро) мүшесі. 1930 - 48 жылдары АКП ОК председателі, 1948 - 65 жылдары бас хатшысы, 1965 - 67 жылдары председателінің орынбасары. Шарки революциялық қызметі үшін бірнеше рет қуғынға ұшырады. 1935 жылы Коминтерннің 7 - конгресіне қатысты. Коминтерн Аткомының мүшелігіне кандидат болып сайланды. Шарки АКП - нің делегацияларын басқарып, Мәскеуде өткен Коммунистік және жұмысшы партияларының халықаралық кеңестеріне (1957,1960) қатысты.