Мария Грация Кьюри

Мария Грация Кьюри
Maria Grazia Chiuri
Туған күні

2 ақпан 1964 (1964-02-02) (60 жас)

Туған жері

Рим, Италия

Азаматтығы

Италия

Қызметі

Dior Шығармашылық директоры

Жұбайы

Paolo Regini

Балалары

ұлы - Никколо, қызы - Рахель

Мария Грация Кьюри ( итал. [maˈriːa ˈgrattsja ˈkjuːri]; 1964 жылы 2 ақпанда дүниеге келген) — итальяндық модельер, Dior-дің қазіргі шығармашылық директоры.

Мария Грация Кьюри 1964 жылы Италияның астанасы, Еуропаның ежелгі қалаларының бірі Римде дүниеге келген. Оның әкесі әскери қызмет етсе, анасы тігінші болып жұмыс істеді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ата-анасы қайтыс болып, әжесі бес баланы жалғыз тәрбиелейді.[1] [2] Бала кезінен әжесі, анасы мен әпкелерінің жанында өскен Мария Грация Кьюри олардан шабыт алған. Шығармашылық жолына түсуге отбасының септігі тиеді. [3] Мария кейін Римдегі IED, Istituto Europeo di Design-да оқыды.

1989 жылы италияндық Fendi сән үйінің мүшесі атанып, әйгілі әйелдерге арналған Багет (Baguette) сөмкесін жасауға көмектесті.[4] Компания бөліміне қосылу үшін дизайнер Пьерпаоло Пиччолиді қол-астына алды. [5]

1999 жылы аксессуарлар желісіне жауапты итальяндық "Valentino" сән үйіне қосылды. Қазіргі таңда да Dior сән үйі қол сөмкелер тізбегін Мария Грация Кьюри басқарғанын қалайды.

2008 жылы "Valentino" сән үйінің негізін қалаушы Валентино Гаравани зейнетке шыққаннан кейін итальяндық компанияда брендтің бірлескен көркемдік директоры дәрежесіне көтерілді. Бұл жобада Istituto Europeo di Design институтында кезінен бірге оқыған Пьер Паоло Пиччиолимен қатар жұмыс атқарды. Олардың коллекциялары итальяндық, романтикалық стильмен ерекшеленеді. Кейінірек 2003 жылы Red Valentino диффузия коллекциясының шығармашылық бағытын басқара бастады. 2008 жылы Мария Грация Кьюри мен Пьер Паоло Пиччиоли "Valentino" брендінің әйелдер, ерлер киім-кешектері мен жоғары сәндік киімдерін қоса, толық көркемдік бағытты бақылайтын бірлескен креативті директор атанды. Екеуі де 2015 жылы жасаған жұмыстары үшін CFDA Халықаралық сыйлығымен марапатталды.

2016 жылдың шілдесінде Сидней Толедано Кристиан Диордың әйелдер коллекцияларының көркемдік жетекшісі етіп тағайындады. [6] 1946 жылы бренд құрылғаннан бері Раф Симонстың орнын басқан алғашқы әйел болды. Оның француз үйіне арналған алғашқы шоулары өзінің минимализмімен және феминистік талаптарымен ерекшеленеді.

2016 жылдың қыркүйегінде Кьюри Парижде Кристиан Диор үшін алғашқы коллекциясымен дебют жасады. [7] Дебютында көптеген феминистік сілтемелер байқалды. Химаманда Нгози Адичидің "Біз бәріміз феминист болуымыз керек" ("We Should All Be Feminists") секілді күртешелерге жазылған сөздерден байқалды. [8] [9] Кьюри феменизм тақырыбын француз үйіне арналған алғашқы шоуларында ғана емес, кейінгі шоуларда да жалғастырады. Мысалы, SS18 үшін Линда Нохлиннің "Неліктен ұлы әйел суретшілер болған жоқ?" ("Why Have There Been No Great Women Artists?"), сонымен қатар суретші Джуди Чикаго және Чанакья қолөнер мектебімен Dior-да SS20 жоғары сән жинағын жинау үшін бірге жұмыс істеді. Кьюридің айтуынша,"Жаңа ұрпақ гендер, нәсіл, қоршаған орта және мәдениеттер туралы үлкен сұрақтар туғызды".

2020 жылдың 6 шілдесінде Мария Грациа Чиури 2020-2021 жылдың күз-қыс "Жоғары сән" коллекциясын ұсынды. Денсаулығына байланысты шегеріліп, алғаш рет итальяндық кинорежиссер Маттео Гарронемен бірлесіп фильм түрінде ұсынылған. Олар сондай-ақ «Жоғарғы сән» көктем-жаз 2021 коллекциясының фильмінде ынтымақтастық жасады.

Қызы Рахель Реджиниді муза ретінде көргендіктен жұмыстары көбіне "Жастық шақ" деп сипатталады.[10]

Феменистік туындылар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мария Грация Кьюри көбінесе Диор сән үйіне жасаған киімдері мен жұмыстарына феминизмнен шабыт алды.

  • 2020 жылы, Наурыз: Карла Лонци манифестінен алынған дәйексөздер «Патриархат сүйіспеншілікті өлтіреді» немесе «Біз бәріміз клиторидті әйелдерміз» сияқты 1970-ші жылдардағы шабыттанған жинақтың тұсаукесері кезінде көрсетіледі.
  • 2020 жылы Ақпан:92-ші Академия марапаттарында Натали Портман Мария Грациа Кьюри тапсырысымен жасаған Dior шапанын киюді таңдады. Оның үстінде соңғы айларда кино тарихын белгілеген режиссерлардың әрқайсысының есімдері кестеленген. Осылайша, кейбір режиссерлердің есімдері көрініп тұрды: Лорен Скафария (Дженнифер Лопеспен бірге патшайымдар фильмі үшін), Грета Гервиг (Доктор Марчтың қыздары), Лулу Ванг (қоштасу) немесе Мариел Хеллер (Ерекше дос)
  • 2020 жылы Қаңтар: Родин мұражайының бақшасында қойылған өте стильдендірілген Dior сән көрсетілімі кезінде подиум 21 баннермен көмкеріліп, оларға «Ерлер мен әйелдер тең бола алды ма?» сияқты феминистік фразалар кестеленген.
  • 2016 жылы Қыркүйек: «Біз бәріміз феминист болуға тиіспіз» деген ұран нигериялық жазушы және феминистік белгіші Чимаманда Нгози Адичидің айтқан культ фразасы Париждегі сән апталығында Dior көрмесінде екі модельдің ақ футболкаларына басылды. (2017 жылғы көктем топтамасы)


Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. The Emperor's New Clothes
  2. Шығармашылық бағыт
  3. Шығармашылық бағыт
  4. The Business of Fashion.
  5. Валентиноның жаңашылдары: Мария Грация Кьюри және Пьерпаоло Пиччол Мұрағатталған 10 наурыздың 2021 жылы.
  6. Фридман, Ванесса (8 шілде 2016 жыл).
  7. Vogue (6 шілде 2016 жыл).
  8. Мария Грация Кьюри Диордағы дебютінде феминистік мәлімдеме жасайды
  9. Диор Париж сән апталығында Шимаманда Адичимен "біз бәріміз феминист болуымыз керек" деген батыл мәлімдеме жасайды
  10. Диордың Мария Грация Кюри: оның сән әлемін қалай дүр сілкіндіретіні туралы