Мозаикалы жұтқыншақты акула | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||||||
Дерегі жетіксіз
(IUCN3.1)
| ||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||
Centrophorus tessellatus (Garman, 1906) | ||||||||||||||||||
![]() |
Мозаикалы жұтқыншақты акула (лат. Centrophorus tessellatus) – сирек кездесетін теңіз жыртқышы.
Бұл акуланың бауыр жүзбе қанаттары болмайды, алайда олардың екі үлкен қылтанды арқа жүзбеқанаты бар. Екінші арқа жүзбе қанаты сәл биік. Бұл акуланың көздері- үлкен, кеуде жүзбеқанаттарының шеттері бос жатады, ал құйрық жүзбе қанаттары тік тұрады. Ең қысқа акулалардың бірі болып саналады. Оның ұзындығы 89 см- ге дейін жетеді. Су астында 260 метрденн 730 метрге дейін тереңдікте тіршілік етеді.Жылтылдаған жасыл көздері мен шығыңқы демтесігінен басқа бұл акуланың кішкентай және өткір тістері болады. Астыңғы жақ сүйегінің тістері үстіңгі жақ сүйек тістерінен қарағанда үлкенірек. Кеуде жүзбе қанаттары біршама ұзын. Ересектерінің көзге түсер ерекше белгісі жоқ. Сарғыш сұр, коңыр сұр немесе қызғылт сұр болып келеді.
Олар ұрпағын тірідей туады. Ұзындығы 35 см- ге жуық 1-6 акуланы дүниеге алып келеді. Аталықтарының ұзындығы- 70 -130 см. Аналықтарының ұзындығы 90- 145 см болған кезде жыныстық жағынан жетіледі. Бұл акулалар 7-8 жылда жыныстық жағынан жетіледі. Алайда, жас акулалардың барлық жүзбеқанаттарында ашық түсті жолақтары болады. Арқа және құйрық жүзбеқанаттарының шеттері қошқыл түсті болуы мүмкін. Мозаикалы жұтқыншақты акула хек балығын, жарқылдайтын хамса балығын, кальмарлар мен ұсақ теңіз акулаларын аулайды.
Хонсю, Жапония. Гавай аралдары аймағында және Тынық мұхитында тіршілік етеді. [1]