Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін.
|
Маргарита Евгеньевна Мукашева (туғанынан Мацко) (4 қаңтар 1986 жылы дүниеге келді) —қазақстандық жеңіл атлетші (800 м жүгіру, 4×400 метрлерге эстафета), халықаралық дәрежедегі Қазақстан Республикасының спорт шебері (2008).
Өмірбаяны
М.Е. Мацко Солтүстік-Қазақстан облысында Новопокровка ауылында дүниеге келді. 14 жастан бастап жеңіл атлетикамен айналыса бастайды. Петропавл қаласындағы спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған Солтүстік Қазақстан облыстық мектеп-интернатын бітіреді.
Петропавл қаласы «Қарулы Күштері» үшін өнер көрсетеді. П. Н. Литвиненко және А. Н. Бычаев секілді жетекші бапкерлерде жаттығады.
Азияда өткен 4 чемпионаттың жүлдегері. 2010 жылы Азия ойындарының және 2009 жылы үй-жайдағы Азия ойындарының чемпионы. Бірнеше халықаралық турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері. 2012 жылы Лондондағы Олимпиадаға лицензия ұтып алады. Бірінші раундты 2:02,12 уақытпен аяқтайды. Бұл жағдай жартылай финалға өтуге мүмкіндік берді. Жартылай финалда 1:59,20 деген рекордтық уақыт көрсетіп, Маргарита 11-шы орынға орналасады және жарысты аяқтайды.
2013 жылы 1:58,96 ұлттық рекордпен Маргарита Қазанда өткен жазғы Универсиаданың чемпионы атанады.
2013 жылы Мәскеуде өткен әлем чемпионатында 26-орында ғана болады.