Николай Александрович Скворцов (14 қазан 1899, Астрахань облысы – 15 ақпан 1974, Мәскеу) – саяси қайраткер. Қазақстан Коммунистік партиясы ОК-нің 1-хатшысы.
- Мәскеу жоспарлау комитеті жанындағы жоғары экономиялық курсты бітірген (1959).
- 1917 – 22 жылдары Қызыл гвардия қатарына кіріп, кеңес өкіметін орнатуға белсене қатысты.
- 1922 – 33 жылдары Астрахань, Ростов облыстарында жауапты партия, кеңес қызметтерінде болды.
- 1933 – 38 жылдары БК(б)П ОК аппаратында істеді.
- 1938 – 45 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясы ОК-нің 1-хатшысы болды. Скворцовтың билігі кезінде Қазақстанды кеңестендіру одан әрі күшейді. Соғыс басталысымен республикаға қуғынға ұшыраған ұлт өкілдері көшіріліп әкелінді (қысқаша Депортация). Мәдениет пен өнер саласында біраз шұғыл шаралар жүзеге асырылды. Қазақ әндері мен музыкасы түгелге жуық нотаға түсіріліп, Қазақ мемлекеттік филармонияда симфониялық оркестр, хор капелласы ашылды. Ұлттық музыканттарды Мәскеу, Ленинград консерваторияларында, ГИТИС-те оқыту ұйымдастырылды. Ұсақ елді мекендер ірілендіріліп, ұжымшарлар біріктірілді. 2047 км темір жол салынып, қысқа мерзімде Ақмола – Қарталы жолы іске қосылды. Соғыс кезінде ұрлыққа қарсы қатаң күрес жүргізілді.
- 1945 – 53 жлдары КСРО техникалық дақылдар министрі, КСРО кеңшарлар министрі
- 1953 – 66 жылдары КСРО Тамақ өнеркәсібі минстрінің жауапты қызметкері болып істеді.
- 1966 жылы зейнет демалысына шықты.
- 2 рет Ленин орденімен
- 1-дәрежелі Отан соғысы
- Еңбек Қызыл Ту
- “Құрмет белгісі” ордендерімен, медальдармен марапатталған.[1]