Октай Уркал |
Oktay Urka |
Жалпы мағлұмат |
---|
Лақап аты |
Cassius
|
---|
Азаматтығы |
|
---|
Туған күні |
15 қаңтар 1970 (1970-01-15) (54 жас)
|
---|
Туған жері |
Батыс Берлин
|
---|
Бойы |
170 cm
|
---|
Нокаутпен жеңгені |
12
|
---|
Жеңілгендер саны |
4
|
---|
Әуесқой карьерасы |
---|
Айқастар саны |
42
|
---|
Жеңгені |
38
|
Октай Уркал (нем. Oktay Urkal, 15 қаңтар 1970, Батыс Берлин) — шыққан тегі түрік германиялық кәсіпқой боксшы. Жартылай орта салмақта өнер көрсетеді. 1996 жылғы Атлантадағы Жазғы Олимпиада Ойындарының күміс жүлдегері.
- 1996 жылы қыркүйекте алғашқы айқасын өткізген. Барлық дерлік айқастарын Германияда өткізген.
- 2001 жылы маусымда Уркал 1-ші жартылай орта салмақтағы WBC және WBA тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Константин Цзюге қарсы айқасқа шықты. Бәсекеге толы айқаста Цзю ұпай санымен жеңіске жетті.
- 2004 жылы сәуірде Октай Уркал 1-ші жартылай орта салмақтағы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Вивиан Харриспен қолғап түйістірді. Тең дәрежелі айқаста қазылардың шешімімен Харрис жеңіске жетті.
- 2004 жылы қазанда Уркалмен мен Вивиан Харрис арасында екінші рет айқас өтті. Осы жолы Харрис қарсыласын 11 раундта нокаутқа түсірді.