Кутшеба (Kutvzeba) Станислав (15. 11. 1876, Краков — 07. 01. 1946 сонда) — поляк тарихшысы. Ягеллон (Краков) yниверситетінің заң факультетiн бiтiрдi (1898). 1908 жылдан осы yниверситеттің поляк правосы тарихының профессоры. Бiлiмдер академиясының корр. мүшесi (1914), толық мүшесi (1918), бас секретары (1926), президентi (1939) болып сайланды. Кутшебаның еңбентерi негiзiнен поляк мемлекетi мeн правосына арналды: «Польшаның мемлекеттік және қоғамдық құрылысы тарихының очеркі», 1-4-т., 1905-1920 жылдары. Ол қазіргі тарих пен ағымдағы саясат мәселелерімен де («Жаңарған Польша», 1921; «Бiздiң шетелдiк саясатымыз», 1923) шұғылданған. [1]