Талгат Сафич Таджутдинов | ||
| ||
---|---|---|
Талгат Таджуддин (тат. Tälgät Tacetdin; Тәлгать Таҗетдин, Талгат Сафич Тадзетдинов, тат. Tälgät Safa uğlı Tacetdinev; Тәлгать Сафа улы Таҗетдинев; 12 қазан 1948, Қазан) — Ресей орталық мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Ресейдің жоғарғы мүфтиі.
Талгат Сафич 1948 жылы 12 қазанда Қазан қаласында татар отбасында туды.[1] Әкесі жүк көлік жүргізушісі, шешесі зауытта жұмыс істеді.
1966 жылы Бұхарадағы «Мир Араб» медресесіне түсіп, жоғары діни білім алып 1973 жылы үздік аяқтады.
1978 жылы Каирдағы ал-Азхар университетінде білім алды. 1973жылы Қазан соборлы мешітінің екінші имам-хатыбы болып сайланды, ал 1978 жылы бірінші имам-хатыбы болды.
1980 жылдың 19 маусымында Еуропалық КСРО және Сібір мұсылмандарының діни басқармасының мүфтиі және төрағасы болып сайланды.
1990 жылыдың мамыр айында КСРО мұсылмандар діни басқармаларының жиналысында (1991 жылға дейін 4еу болды) КСРО мұсымлман ұйымдарның халықаралық байланыстары басқармасының (1991 жылдан бері мұсылман ұйымдарының сыртқы байланыс ассоциациясы) төрағасы болып сайланды. Қазіргі уақытқа дейін осы қызметте.
1990 жылы 6-8 маусымында Үфіде КСРО-ның Еуропалық бөлігі және Сібір мұсылмандарының V съезінде қайрадан ЕСМДБ мүфтиі және төрағасы болып сайланды.
1992 жылы VI Ресей мұсылмандарының төтенше съезінде ЕСМДБ құрылымын ЕТМД-ға түрлендіру туралы шешім қабылданды. Ірі діни аймақтық орталықтар (мухтасибаттар) мұсылмандар діни басқармаларына (қазір елуден астам мүфтияттар) түрлендірілді және Жоғарғы мүфти шені (саны) енгізіліп бұл сан Талғат Таджуддиновқа берілді.
Ресей Президенті жанындағы діни бірлстіктермен ынтымақтастық кеңесінің мүшесі, Ресейдің дінаралық кеңесінің президиумының мүшесі, ТМД-ның дінаралық кеңесінің президиумының мүшесі, Ресей Федерациясының ұлттық әскери қорының қамқоршылар кеңесінің мүшесі болып табылады.
2003 жылы мамыр айында Реейдің ОМДБ-сын Қасиетті Русьтің ОМДБ-сы деп атын өзгертуді ұсынды. Және де Ресей Федерациясының территориясында католик епархиясын құруына қарсы шығып мынандай мәлімдеме жасады: «...Қазірдің өзінде көптеген ғасырлар бойы дәстүрлі конфессиялардың бірыңғай діни кеңістік бар: православие, ислам, иудаизм және буддизм, сондықтан басқа діни басшыларды оның ішінде папаны шақырғанда біз міндетті түрде дінаралық даулы мәселелерді ескеріп, біздің елдегі православтар және мұсылмандар арасындағы жақсы қарым-қатынасты естен шығармауымыз керек».
2003 жылдың сәуір айында «Интерфакс» агенттігіне берген сұхбатында Қасиетті Русьтің Исламдық орталық мұсылмандар басқармасы АҚШ-қа қарсы жиһад жариялау туралы қаулы қабылдағаның жариялады.«Ресей мұсылмандарының АҚШ-қа әсер ететін тиімді рычагтары бар. Атап айтқанда біз қайырмалдық қорын құрамыз және бұл ақшаға Америкамен күресу үшін қару-жарақ және Ирак жалқына азық-түлік сатып аламыз», — деді Талгат Таджуддин.[2]
2013 жылдың қазан айында Жоғарғы мүфти Талгат Таджуддиновтың 65 жасқа келуіне және РМДБ заңды мұрагері болып табылатын «Мұхаммед заңынын Орынбор діни жиналысының» Император Екатерина II жарлығымен 1788 жылы құрылғанына 225 жыл толуына байланысты мейрам өтті. Оған 33 елден 500 астам және Ресей Федерациясының 40 субъектісінен делегаттар қатысты. Мерамның орталық іс-шарасы болып Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путиннің қатысуы болып табылды.
1989 жылдан бастап Мүфти Таджуддинов жыл сайын Булгар (Спасск ауданы, Татарстан) қаласына «Изге Болгар Шокер Джиены (Святой блажыларственный Собор в Булгарах)» қажылық сапар жасайды. Іс шара еділ бұлғарларының яғни қазіргі татарлардың ата-бабаларының Ислам дінін Булгар қаласында Алмуш ханның 922 жылы қабылдағанының мүшелтойына арналған. Жиналыс Ресейден тыс елдерге де тарап халықаралық дәрежеге жетті. Мысалы Булгар жиналыс-2015-ына 20 дан астам елден 50 мыңға жуық адам қатысты.
Қазіргі уақытта Талгат Таджуддин Ресей Федерациясының мұсылмандарының ЮНЕСКО-дағы, Ислам конференциясы ұйымындағы, Мұсылмандардың Еуропа лигасындағы және тағы басқа ірі халықаралық ұйымдардығы ресми өкілі болып табылады.
Жоғары мүфти Талгат Таджуддин ттар халқының бұлғарлардан шығу көзқарасын қорғайды және ол бірнеше рет татарларға бұлғарлар (еділ бұлғарлары) деген тарихи атын қайтару қажеттігін мәлімдеді. Осындай мәлімдемелерді ол БАҚ, телевидение, интернетте және жеке сөйлеулерде айтады.
Мысалы 2001 жылы Софиядағы халықаралаық конференцияда былай деді: «Бізді негізі бұлғар болғанымызға қарасмастан татар деп атайды... Ал болгарлар бұлғарлардың жақын туысы. Біреуі Еділ бойында қалып, басқалары Дунайға кетіп сондағы славяндармен араласқан». Бұл мәлімдеме орталық болгар теледидарынан көрсетіліп, жергілікті газеттерде жарияланды. Ақпарат Ресей БАҚ құралдарында да жарияланды. Мысалы 03.10.2001 жылы «Российская газета»-да.
2015 жылдың 24 желтоқсанында Талгат Таджуддин өзінің орнына Татарстан мүфтиі Камил Самигуллинді қойып ауазымынан кететінің мәлімдеді. Бұл туралы ол Мұхаммедтің туған күніне (Мавлид ан-Наби) арналған Болгардағы іс шарада журналисттерге айтты.[3].
Бірақ 2016 жылдың 20 ақпанында Үфідегі Мұсылмандардың орталық діни басқармасының кеңейтілген президиум отырысында К.Самигуллинның бас тартуына байланысты фарман-жарлықтың Самигуллинды лауазымға тағайындау бөлігінің күшін жою туралы шешім қабылданды. Сөйтіп Т. Таджуддин өз орнында қалды.[4].
Үйленген, екі қызы және үш ұлы бар.