Халықаралық Петропавл әуежайы

Халықаралық Петропавл әуежайы
IATA: РРКICAO: UACP
РРК (Солтүстік Қазақстан облысы)
РРК
Әуежайдың Солтүстік Қазақстанда орналасуы
Қысқаша мәлімет
Әуежай түрі Азаматтық
Операторы КТЖ «Airport Management Group»
Қызмет көрсетеді Петропавл, Қазақстан
Орналасқан орны Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласынан 11 км оңтүстікке қарай
Теңіз деңгейінен биіктігі +138 м / ф
Координаттар 54°46′28″ с. е. 69°11′06″ ш. б. / 54.77444° с. е. 69.18500° ш. б. / 54.77444; 69.18500 (G) (O) (Я)
Сайты ppkport.kz
Ұшып-қону жолақтары
Жолақ бағыты Ұзындығы Айдыны
м фут
05/23 2800 асфальтобетон
Статистикасы (1935)
Жолаушылар 18 410 адам (2018)[1]

Халықаралық Петропавл әуежайыСолтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласынан оңтүстікке қарай 11 км жерде орналасқан халықаралық әуежай. «Airport Management Group» ҚТЖ компаниясы басқарады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша әуежай 18 410 жолаушыға қызмет көрсетті . Қазіргі уақытта әуежай Алматыға, Астана және Шымкентке тұрақты рейстердің орындалуын қамтамасыз етеді .

1935 жылдың соңына қарай Петропавл жұмысшы кенті ауданында топырақты әуеайлақ пайда болды. По-2 типті ұшақтардағы алғашқы пошта-жолаушылар рейстері 1935 жылдың ақпан айында орындала бастады[2].

Техникалық деректер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2016 жылда ұшу-қону жолағын қайта жаңартқаннан кейін Петропавл әуежайы әуе кемелерінің қазіргі заманғы түрлерін шектеусіз қабылдай алады: Airbus A320, Airbus A321, Airbus A330, Airbus A350, Boeing 737, Boeing 757, Boeing 767 және тағы басқа 3-4-классты әуе кемелерінің түрлері, барлық үлгідегі тікұшақтар. Әуе кемесінің ең жоғары ұшу салмағы 171 тонна. ҰҚЖ (PCN) жіктеу саны 28/R/B/X/T.

Әуежайды қайта жаңарту

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2014 жылдан бастап 2016 жылдың 16 желтоқсанына дейін республикалық бюджет есебінен жолаушылар кешені жаңғыртылды. Бұған дейін ұшу-қону жолағын қайта жаңарту аяқталды. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде қалыңдығы 10 см асфальтбетонмен жолақтың төсемі күшейтілді, жолақ 2800 м дейін созылды және 45 м дейін кеңейтілді. Бұдан басқа, жермен жүру жолы мен перронды қайта жаңартып, халықаралық стандарттардың талаптары бойынша жарық сигналдық жабдықтар орнатылды.

Әуекомпаниялар және бағыттар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жолаушылар рейстері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2020 жылғы жағдай бойынша әуежай келесі әуекомпаниялардың рейстеріне қызмет көрсетеді:

*
Маусымдық бағыттар
*
Чартерлік бағыттар
Әуекомпания Межелі пунктер Түсініктеме Әуе кемесінің түрі
Қазақстан FlyArystan[3] Алматы (C 13 марта 2020)[4] ДБ, СР, ЖМ, ЖБ A320-200
Қазақстан Qazaq Air Астана ДБ, СР DHC8-400
Қазақстан SCAT[5] Алматы ДБ, СР CRJ-200
Қазақстан SCAT[5] Шымкент ДБ, СР CRJ-200
Қазақстан Sunday Airlines Шарм-эш-Шейх ББ (чартер) B757-200
Ресей ИрАэро[6] Мәскеу (Жуковский) ЖБ (жазғы) SSJ-100

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]