Инхеньерос (Ingenieros) Хосе (24. 04. 1877, Буэнос-Айрес, — 31. 10. 1925) — аргентина ғалымы және қоғам қайраткері. Кордова унивеоситетін бiтiрдi, мед. психол. және филос. профессоры. Жас кезінен рев. күреске араласып, Аргентина Социалистік партиясының негізін салушылардың (1896) және жетекшiлерiнiң бiрi болды. Оппортунистерден қол үзiп (1913), революцияшыл марксизм бағытына шықты. Октябрь революциясын қуанышпен қарсы алып, оның дүн. жүз. маңызын уағыздады. Американ империализмiн Латын Америкасы халықтарының қас жауы деп әшкереледі.[1]