Эдуард Янович Смильгис(22.11.1886,Рига, - 19.04.1966,Рига)- латыш кеңес режиссері, актер, КСРО халық артисі (1948). Сахналық қызметін 1906 жылдан бастады. 1911 жылдан Жаңа Рига театрында, 1915 - 19 жылдары Петроградтағы латыш театрында актер болды. 1920 жылы Я.Райнис атындағы Көркем театрды (Рига) ұйымдастыруға қатысып, 1904 жылға дейін осы театрдың көркемдік жағын басқарды. Рольдері :Пер Гюнт , Гамлет, Отелло(Шекспирдің осы аттас трагедияларында) т.б. Я.Райнистің "От пен түтін" (1947), И.В.Гетенің "Фаустын "(1940), Ф.Шиллердің "Мария Стюартын" (1956), У.Шекспирдің "Гамлетін"(1959), В.В.Вишневскийдің "Оптимистік трагедиясын" (1964) т.б. сахнаға қойды. Монументтілік, қаһармандық-романтикалық бағыт пен жарқын театрлық түр - оның қойған спектакльдерінде тән қасиет.
КСРО Мемлекет сыйлығының лауреаты (1947). Ленин орденімен және басқа 3 ордендермен марапатталған.
Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 202 бет